https://sputnik.kz/20230210/turkiyada-tagy-bir-qazaqstandyq-qyz-zhogaldy-izdeu-zhumystary-bastady-31981838.html
Түркияда тағы бір қазақстандық қыз жоғалды: іздеу жұмыстары басталды
Түркияда тағы бір қазақстандық қыз жоғалды: іздеу жұмыстары басталды
Sputnik Қазақстан
Көршілерінің айтуынша, жер сілкінгенде отандасымыз үйдің ішінде болған 10.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-10T15:46+0500
2023-02-10T15:46+0500
2023-02-10T15:50+0500
оқиға
түркия
қазақстандық қыз
https://sputnik.kz/img/07e7/02/06/31821235_0:93:1422:893_1920x0_80_0_0_665bffd9717d711d81211770b3a87174.jpg
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Қазақстанның тағы бір азаматы Түркиядағы жер сілкінісінен кейін хабар-ошарсыз кетті. Қазір қызды іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Смадияров жоғалған қыз Түркияда жұмыс істейтінін айтты. Көршілерінің айтуынша, үй қираған кезде қазақстандық ішінде болған. Қазіргі таңда Қазақстан елшілігінің қызметкері Қахраманмараш қаласына барып, түрік құтқарушыларымен бірлесіп, оны іздестіріп жатыр. 6 ақпан күні Түркияның оңтүстік-шығысында жойқын жер сілкінісі болды. Салдарынан соңғы деректерге сәйкес 18 342 адам қаза тапты, 74 242 адам жараланды. Табиғи апат кезінде Қазақстанның үш азаматы жоғалып кеткен. Олардың бірі Сабина Мамадиярова тірі табылды. Тағы екеуі – Әділ Қадырбеков пен Мейірболат Құрмашев көз жұмды.
https://sputnik.kz/20230210/ministr-musin-turkiyada-koz-zhumgan-kurstasy-turaly-zhazdy-31968087.html
түркия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/06/31821235_55:0:1368:985_1920x0_80_0_0_e78f41f15ae44362cf4adcea69744970.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркия, қазақстандық қыз
Түркияда тағы бір қазақстандық қыз жоғалды: іздеу жұмыстары басталды
15:46 10.02.2023 (жаңартылды: 15:50 10.02.2023) Көршілерінің айтуынша, жер сілкінгенде отандасымыз үйдің ішінде болған
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Қазақстанның тағы бір азаматы Түркиядағы жер сілкінісінен кейін хабар-ошарсыз кетті. Қазір қызды іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қазақстанның тағы бір азаматы хабар-ошарсыз кетті деп есептеледі. Ол биыл 6 ақпаннан бері байланысқа шықпаған. Қахраманмараш қаласында тұрады. Әпкесі сыртқы істер министрлігінің жедел желісіне хабарласқаннан кейін, оны іздеу жұмыстарын бастадық", - деді Смадияров журналистерге арналған брифингте.
Смадияров жоғалған қыз Түркияда жұмыс істейтінін айтты. Көршілерінің айтуынша, үй қираған кезде қазақстандық ішінде болған.
Қазіргі таңда Қазақстан елшілігінің қызметкері Қахраманмараш қаласына барып, түрік құтқарушыларымен бірлесіп, оны іздестіріп жатыр.
6 ақпан күні Түркияның оңтүстік-шығысында жойқын жер сілкінісі болды. Салдарынан соңғы деректерге сәйкес 18 342 адам қаза тапты, 74 242 адам жараланды.
Табиғи апат кезінде Қазақстанның үш азаматы жоғалып кеткен. Олардың бірі Сабина Мамадиярова тірі табылды. Тағы екеуі – Әділ Қадырбеков пен Мейірболат Құрмашев көз жұмды.