https://sputnik.kz/20230210/ministr-musin-turkiyada-koz-zhumgan-kurstasy-turaly-zhazdy-31968087.html
Министр Мусин Түркияда көз жұмған курстасы туралы жазды
Министр Мусин Түркияда көз жұмған курстасы туралы жазды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Түркияда қаза тапқан Мейірболат (Мирус) Құрмашев туралы... 10.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-10T10:48+0500
2023-02-10T10:48+0500
2023-08-10T16:09+0500
түркия
жер сілкінісі
бағдат мусин
https://sputnik.kz/img/07e7/02/07/31867800_0:12:1024:588_1920x0_80_0_0_8b48b39a0fb40a022e99104015bb0aef.jpg
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Түркияда қаза тапқан Мейірболат (Мирус) Құрмашев туралы пост жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Мейірболат болашақ министрмен бір курста оқыған. Университетте оны "Мирус" деп атаған."Ол өте креативті еді, ауқымды дүниелер жасағысы келетін, адамдарды өзіне тартуды білетін, команда ұйымдастыруға мықты еді. Дінге де берік адам болды", - дейді Мусин.Мейірболат Астана Хабты құруға да атсалысты. Өз көмегін аяған жоқ, тегін жұмыс істеді. Қолынан келгенше Қазақстанның IT-саласын дамытуға көмектесті. Қазақстанда бірнеше бизнес бастамалары да болған. 2020 жылы мемлекеттің қатысуымен бір-екі жобаны іске асырғысы келді.Оның айтуынша, президенттің Анкараға ресми сапары алдында қазақстандық IT-мамандар сол жаққа барып, Ыстанбұлда бірнеше ірі IT-компаниясында болды. Соның бәрін Мирус ұйымдастырды."Біз оған Астана Хабтың өкілі болуды ұсындық, өйткені екі мемлекеттің хабтары мен мамандарын жақындастыратын адамның болуы маңызды еді.Соңғы үміт оты сөнді. Сенгім келмейді…Соңына дейін үміттеніп едік. Алайда Мирус бауырымыздан айырылып қалдық… Иманды болсын! Жаның жәннаттан орын тапсын бауырым", - деп жазды Мусин.
https://sputnik.kz/20230210/turkiyada-uyindi-astynan-tagy-bir-qazaqstandyqtyn-denesi-tabyldy-31959045.html
түркия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/07/31867800_65:0:973:681_1920x0_80_0_0_d22ef01db2e687315dd6765afc48fb29.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркия, жер сілкінісі, бағдат мусин
түркия, жер сілкінісі, бағдат мусин
Министр Мусин Түркияда көз жұмған курстасы туралы жазды
10:48 10.02.2023 (жаңартылды: 16:09 10.08.2023) АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Түркияда қаза тапқан Мейірболат (Мирус) Құрмашев туралы пост жазды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Мейірболат болашақ министрмен бір курста оқыған. Университетте оны "Мирус" деп атаған.
"Ол өте креативті еді, ауқымды дүниелер жасағысы келетін, адамдарды өзіне тартуды білетін, команда ұйымдастыруға мықты еді. Дінге де берік адам болды", - дейді Мусин.
Мейірболат Астана Хабты құруға да атсалысты. Өз көмегін аяған жоқ, тегін жұмыс істеді. Қолынан келгенше Қазақстанның IT-саласын дамытуға көмектесті. Қазақстанда бірнеше бизнес бастамалары да болған. 2020 жылы мемлекеттің қатысуымен бір-екі жобаны іске асырғысы келді.
"Бірақ мемлекет басшысы мені министр етіп тағайындаған кезде ол жобалардан өз еркімен бас тартты. Арамызда түсініспеушілік тудыратын жағдайларды болдырмау үшін идеяларымды шет елде жүзеге асырамын деді ол. Мирус – жиһанкез, біраз жерде болды, бірақ тұрақталу үшін Түркияны таңдап, соңғы екі жыл негізінен сол жақта тұрып жатты", - деп атап өтті министр.
Оның айтуынша, президенттің Анкараға ресми сапары алдында қазақстандық IT-мамандар сол жаққа барып, Ыстанбұлда бірнеше ірі IT-компаниясында болды. Соның бәрін Мирус ұйымдастырды.
"Біз оған Астана Хабтың өкілі болуды ұсындық, өйткені екі мемлекеттің хабтары мен мамандарын жақындастыратын адамның болуы маңызды еді.
Соңғы үміт оты сөнді. Сенгім келмейді…Соңына дейін үміттеніп едік. Алайда Мирус бауырымыздан айырылып қалдық… Иманды болсын! Жаның жәннаттан орын тапсын бауырым", - деп жазды Мусин.