https://sputnik.kz/20230228/zheti-zhuz-mynnan-astam-qazaqstandyq-su-basqan-aymaqta-qaluy-mumkin-32525946.html
Жеті жүз мыңнан астам қазақстандық су басқан аймақта қалуы мүмкін
Жеті жүз мыңнан астам қазақстандық су басқан аймақта қалуы мүмкін
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин биылғы су тасқыны ауқымды болуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан... 28.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-28T11:13+0600
2023-02-28T11:13+0600
2023-02-28T11:13+0600
су тасқыны
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/203/78/2037844_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_7e2d04abfac4d367c7069d83e0178f11.jpg
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин биылғы су тасқыны ауқымды болуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Министрдің айтуынша, өңірлерде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық комиссиялардың 114, оның ішінде 31 жоспардан тыс отырысы өткізілген.Полиция бөлімшелерімен бірлесіп елді мекендердің аумағын абаттандыру қағидаларын бұзу фактілерін анықтау бойынша рейдтік шаралар жүргізілуде. Бұл дренаждық және арық жүйелерін ұстау, қар шығару, адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту."Өткен жылдардағы тәжірибе көрсеткендей елді мекендерді су басу қаупінің алдын алуда қардың уақтылы шығарылуы маңызды. Бүгінгі таңда елді мекендерден 11 миллионнан астам текше метр қар шығарылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 миллионға артық", - деді Ильин.Жергілікті бюджеттерден қар шығаруға бөлінген қаражатты талдау ақша негізінен ірі қалалар мен облыс орталықтарынан қар шығаруға бөлінетінін, ал көптеген ауылдық елді мекен тиісті назардан тыс қалатынын көрсеткен.
https://sputnik.kz/20230228/koktem-kelip-qaldy-ministr-su-tasqyny-qaupi-bar-onirlerdi-atady-32524255.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/203/78/2037844_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_f7a6182e0f831fe3adf83f4fd6b963df.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
су тасқыны
Жеті жүз мыңнан астам қазақстандық су басқан аймақта қалуы мүмкін
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин биылғы су тасқыны ауқымды болуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Биыл су тасқыны қардың көп болуына және топырақ қабатының қатты тоңазуына байланысты ауқымды болатын түрі бар. Су тасқыны жағдайы қолайсыз дамыса, су басу аймағында 255 елді мекен, бұл 127 мыңнан астам үй және 700 мыңнан астам азамат қалуы мүмкін", - деді Ильин үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, өңірлерде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық комиссиялардың 114, оның ішінде 31 жоспардан тыс отырысы өткізілген.
Полиция бөлімшелерімен бірлесіп елді мекендердің аумағын абаттандыру қағидаларын бұзу фактілерін анықтау бойынша рейдтік шаралар жүргізілуде. Бұл дренаждық және арық жүйелерін ұстау, қар шығару, адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту.
"Өткен жылдардағы тәжірибе көрсеткендей елді мекендерді су басу қаупінің алдын алуда қардың уақтылы шығарылуы маңызды. Бүгінгі таңда елді мекендерден 11 миллионнан астам текше метр қар шығарылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 миллионға артық", - деді Ильин.
Жергілікті бюджеттерден қар шығаруға бөлінген қаражатты талдау ақша негізінен ірі қалалар мен облыс орталықтарынан қар шығаруға бөлінетінін, ал көптеген ауылдық елді мекен тиісті назардан тыс қалатынын көрсеткен.