Көктем келіп қалды: министр су тасқыны қаупі бар өңірлерді атады

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Қазақстан облыстарының басым бөлігі су тасқыны қаупі жоғары аймақтарға кірді. Бұл туралы экология және геология министрі Зүлфия Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, наурыз айында температураның күрт көтерілуі және қатты жаңбыр болған жағдайда еріген жаңбыр суынан тасқын пайда болуы мүмкін.
"Қардағы су қорының мөлшерін, топырақтың күзгі ылғалдылығын, топырақтың қату тереңдігін талдай отырып, су тасқыны қаупі бар аймақтар анықталды. Маңғыстау облысы тәуекелі төмен аймаққа, Павлодар және Ұлытау облыстары орташа тәуекелді аймақтарға, ал еліміздің қалған өңірлері тәуекелі жоғары аймақтарға жатқызылды", - деді Сүлейменова үкімет отырысында.
Алдын ала болжамға сәйкес наурыз айында республиканың басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормаға жақын, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Абай, ШҚО, Жетісу облыстарында және Қарағанды облысының оңтүстік - шығысында 1 градусқа жоғары болады.
Наурыз айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормаға жақын, батыста, оңтүстік-батыстың жекелеген аудандарында және елдің солтүстігінде нормадан артық болжанып отыр.
"Осы жылдың наурыз айынан бастап гидрологиялық болжам апта сайын ұсынылады. Гидрометеорологиялық жағдайлар күрт өзгерген жағдайда Қазгидромет су тасқыны қаупі туралы дабылды ескертулерді алдын ала 2-3 тәулік бұрын Төтенше жағдайлар министрлігі және жергілікті атқарушы органдарға тиісті іс-шаралар ұйымдастыру үшін жолдайды", - деді министр.
Жаңалықтар
0