https://sputnik.kz/20230228/smayylov-khalyqtyn-tabysyn-arttyru-zhosparyn-eki-kun-ishinde-bekitudi-talap-etti-32520084.html
Смайылов халықтың табысын арттыру жоспарын екі күн ішінде бекітуді талап етті
Смайылов халықтың табысын арттыру жоспарын екі күн ішінде бекітуді талап етті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Халықтың табысын арттыру бағдарламасын 2029 жылға дейін өзектендіру үшін екі күн ішінде өңірлік... 28.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-28T07:55+0500
2023-02-28T07:55+0500
2023-02-28T07:55+0500
әлихан смайылов
https://sputnik.kz/img/07e7/02/1b/32516414_1:0:3640:2047_1920x0_80_0_0_282fd6aab65ae64669a1cbd190510ede.jpg
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Халықтың табысын арттыру бағдарламасын 2029 жылға дейін өзектендіру үшін екі күн ішінде өңірлік жоспарларды бекітуді тапсырды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Кеңесте ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров бағдарламаны іске асыру нәтижесінде бюджет саласының 1,1 млн-нан астам қызметкерінің, атап айтқанда 74 мың дәрігердің жалақысы орта есеппен 30%-ға, 600 мың педагог пен мұғалімнің – 25%-ға, 173 мың орта медициналық персоналдың жалақысы 20%-ға және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің ішінде басқа да санаттарының жалақысы 20%-ға өскенін хабарлады.Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және қызметкерлер арасындағы еңбекақы алшақтығын азайту бойынша қосымша шаралар қабылданды.Үкімет бағдарламаны 2029 жылға дейін жалғастыруды жоспарлап отыр. Бұл ретте оны республикалық және өңірлік деңгейлерге бөлу жоспарланып отыр, бұл жергілікті атқарушы органдарды кеңінен тартуға мүмкіндік береді.Алдағы кезеңдегі негізгі бағыттардың бірі – Өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде экономиканың нақты секторында жұмыс орындарын құру, "Ауыл Аманаты" жобасы аясында ауыл халқының табысын арттыру, сондай-ақ шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету.Сонымен қатар бюджеттен жалақыны көтеру және азаматтарға жаңа цифрлық қызметтер арқылы белсенді әлеуметтік қолдаудың шараларымен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыру жоспарлануда.Премьер-министр екі күн ішінде халықтың табысын арттырудың өңірлік жоспарларын бекітуді қамтамасыз етіп, бағдарламаны үкіметке кешенді жоспар түрінде жеделдетіп келісу және енгізу қажеттігін атап өтті.
https://sputnik.kz/20221214/auyl-khalqynyn-tabysyn-arttyruga-1-trln-tenge-bolinedi-30329139.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/1b/32516414_550:0:3279:2047_1920x0_80_0_0_26516abce677e987a38f0ec95c5ec406.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлихан смайылов
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Халықтың табысын арттыру бағдарламасын 2029 жылға дейін өзектендіру үшін екі күн ішінде өңірлік жоспарларды бекітуді тапсырды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Кеңесте ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров бағдарламаны іске асыру нәтижесінде бюджет саласының 1,1 млн-нан астам қызметкерінің, атап айтқанда 74 мың дәрігердің жалақысы орта есеппен 30%-ға, 600 мың педагог пен мұғалімнің – 25%-ға, 173 мың орта медициналық персоналдың жалақысы 20%-ға және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің ішінде басқа да санаттарының жалақысы 20%-ға өскенін хабарлады.
Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және қызметкерлер арасындағы еңбекақы алшақтығын азайту бойынша қосымша шаралар қабылданды.
Үкімет бағдарламаны 2029 жылға дейін жалғастыруды жоспарлап отыр. Бұл ретте оны республикалық және өңірлік деңгейлерге бөлу жоспарланып отыр, бұл жергілікті атқарушы органдарды кеңінен тартуға мүмкіндік береді.
Алдағы кезеңдегі негізгі бағыттардың бірі – Өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде экономиканың нақты секторында жұмыс орындарын құру, "Ауыл Аманаты" жобасы аясында ауыл халқының табысын арттыру, сондай-ақ шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету.
Сонымен қатар бюджеттен жалақыны көтеру және азаматтарға жаңа цифрлық қызметтер арқылы белсенді әлеуметтік қолдаудың шараларымен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыру жоспарлануда.
Премьер-министр екі күн ішінде халықтың табысын арттырудың өңірлік жоспарларын бекітуді қамтамасыз етіп, бағдарламаны үкіметке кешенді жоспар түрінде жеделдетіп келісу және енгізу қажеттігін атап өтті.