https://sputnik.kz/20221214/auyl-khalqynyn-tabysyn-arttyruga-1-trln-tenge-bolinedi-30329139.html
Ауыл халқының табысын арттыруға 1 трлн теңге бөлінеді
Ауыл халқының табысын арттыруға 1 трлн теңге бөлінеді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Ауыл тұрғындарының табысын арттыруға жеті жыл ішінде 1 триллион теңге бөлінеді. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Ербол... 14.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-14T12:58+0500
2022-12-14T12:58+0500
2022-12-14T12:58+0500
ауыл
кредит
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/15/29595362_0:158:1659:1091_1920x0_80_0_0_24485a9053e2cbb80b36ed225c360adf.jpg
АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Ауыл тұрғындарының табысын арттыруға жеті жыл ішінде 1 триллион теңге бөлінеді. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Министр микрокредит беру есебінен ауыл шаруашылығы кооперациясын белсенді дамыту арқылы ауыл халқының табысын арттыру жобасы іске асырыла бастағанын атап өтті."Жеті жыл ішінде бұл мақсаттарға 1 триллион теңге бөлу жоспарланып отыр. 1 миллионнан астам ауыл тұрғыны қамтылады және барлық жеке қосалқы шаруашылықтардың жартысы кооперативтік кәсіпкерлікке тартылады. 350 мыңнан астам жұмыс орнын құру көзделген", - деді Қарашөкеев үкімет кулуарында.Айтуынша, 2023 жылы жобаны жүзеге асыру үшін барлық облыс әкімдігіне 52,4 миллиард теңге бөлінеді. Бұл ақшаға 11 мың микрокредит беру және 12 мыңнан аса жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.Қазір облыс әкімдіктері "Ауыл аманаты" жобалық кеңсесімен бірлесіп жобаны іске асыру үшін ауылдық округтерге скрининг жүргізуде.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/15/29595362_0:3:1659:1247_1920x0_80_0_0_d693bdc6687cfb814b22c83311218a23.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл, кредит
Ауыл халқының табысын арттыруға 1 трлн теңге бөлінеді
АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Ауыл тұрғындарының табысын арттыруға жеті жыл ішінде 1 триллион теңге бөлінеді. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министр микрокредит беру есебінен ауыл шаруашылығы кооперациясын белсенді дамыту арқылы ауыл халқының табысын арттыру жобасы іске асырыла бастағанын атап өтті.
"Жеті жыл ішінде бұл мақсаттарға 1 триллион теңге бөлу жоспарланып отыр. 1 миллионнан астам ауыл тұрғыны қамтылады және барлық жеке қосалқы шаруашылықтардың жартысы кооперативтік кәсіпкерлікке тартылады. 350 мыңнан астам жұмыс орнын құру көзделген", - деді Қарашөкеев үкімет кулуарында.
Айтуынша, 2023 жылы жобаны жүзеге асыру үшін барлық облыс әкімдігіне 52,4 миллиард теңге бөлінеді. Бұл ақшаға 11 мың микрокредит беру және 12 мыңнан аса жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.
Қазір облыс әкімдіктері "Ауыл аманаты" жобалық кеңсесімен бірлесіп жобаны іске асыру үшін ауылдық округтерге скрининг жүргізуде.