Дәрігер ерлердің денсаулығына зиянды тағамдарды атады

© AFP 2024 / DANIEL LEAL-OLIVASАрхивтегі фото
Архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Ер адамдар жаңа піскен нан өнімдерінен, тәттіден, ысталған еттен, тұзды және майлы тағамнан бас тартуы керек.
Бұл туралы Мәскеу денсаулық сақтау департаментінің алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша бас маманы Андрей Тяжельников мәлімдеді.
"Мырыш, аскорбин қышқылы, токоферол және В тобындағы дәрумендерге бай тағамдар ерлердің күшін сақтауға ықпал етеді, ал олардың жетіспеушілігі ұрпақ жаңғырту қызметіне теріс әсер етеді. Олар ет, балық, теңіз өнімдері, жемістер, көкөністер, жаңғақтар, ашытылған сүт өнімдері, бұршақ дақылдарында кездеседі", - деп РИА Новости Тяжельниковтың сөзінен үзінді келтірді.
Сарапшы қызанақты қатерлі ісіктен қорғайтын антиоксидант ликопиннің көзі ретінде ерекше атап өтті.
Дәрігер ерлердің денсаулығын сақтау үшін жаңа піскен нан өнімдерін, тәттіні, сондай-ақ майлы, тұзды және ысталған тағамдарды тұтынуды барынша азайту керек екенін атап өтті.
Бұл өнімдер метаболизмді бұзып, семіздіктің дамуына және ағзада әйелдер гормондарының пайда болуына ықпал етеді. Сонымен қатар алкоголдің теріс әсері болады.
Ребенку измеряют температуру - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.01.2023
Денсаулық
Дәрігер жиі ауыратын балаларға арналған ең жақсы спорт түрлерін атады
Жаңалықтар
0