Денсаулық

Дәрігер жиі ауыратын балаларға арналған ең жақсы спорт түрлерін атады

© AP Photo / David GoldmanРебенку измеряют температуру
Ребенку измеряют температуру - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 21 қаңтар - Sputnik. Педиатр жиі ауыратын балаларға арналған ең жақсы спорт түрлерін атады, деп жазады Life.
"Шаңғы, биатлон, мәнерлеп сырғанау және хоккей жақсы таңдау болар еді", - деді Ольга Комиссарова.
Ол балалар әдетте мұрын-жұтқыншақтың қайталанатын инфекцияларын жиі жұқтыратынын айтты. Сондықтан оларға шынықтыратын спорт өте маңызды.
Комиссарова суда жүзудің бала денсаулығына пайдасын да жоғары бағалады.
"Бірақ аденоид, гайморит, отит немесе аллергиялық ринитпен ауыратын балалар үшін судың, әсіресе хлорлы суға түспеген жөн. Ауруды өршітуі мүмкін", - деді дәрігер.
Ал оториноларинголог Александр Леткин жиі суық тисе, аденоидтардың созылмалы қабынуы болуы мүмкін екенін айтты.
Ол бұл дерт балабақшаға бара бастаған және жиі ауыратын балаларға қауіп төндіретінін ескертті.
Егер емделмесе, балада есту қабілетінің жоғалуына қауіп төндіретін қайталанатын отит дамиды.
Леткин қазіргі уақытта аденоидтарды алып тастау тек соңғы шара ретінде тағайындалғанын айтты. Операцияны емдеуден нәтиже болмаған жағдайда және балада жылына төрт реттен артық мұрын-жұтқыншақтың лимфоидты тінінде қабыну процестері болған жағдайда жасау ұсынылады.
Жаңалықтар
0