Өңірлер

Жетісу облысында полицейлер тас жолдың бір бөлігін жабуға мәжбүр болды

© Photo : Пресс-служба ДП Жетысуской областиЖетісу облысындағы тас жолдың жабылған бөлігі
Жетісу облысындағы тас жолдың жабылған бөлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Жетісу облысында бұзылған жүк көлігі автожолда көліктердің кептелісіне себеп болды.
Облыстық полициядан мәлімдегендей, Алматы – Өскемен республикалық тас жолының 187-ші шақырымында ауыр жүк көлігі (автотасығыш) бұзылып қалған. Осыған байланысты полицейлер жол апатын болдырмау үшін осы учаскеге жақын маңда қозғалысты тоқтатуға мәжбүр болған.
"Қазір полицейлер мен ТЖД қызметкерлері тас жолды тазалауға бағытталған жұмыстарды жүргізіп жатыр. Жөндеу жұмыстарының аяқталуын күтіп тұрған жүргізушілерден тәртіп сақшыларының әрекетіне түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деп атап өтті Жетісу облысы полициясының баспасөз қызметі.
Солтүстік Қазақстанда полицейлер қар құрсауында қалған балықшыларды  құтқарды - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2023
Солтүстік Қазақстанда полицейлер қар құрсауында қалған балықшыларды құтқарды
Жаңалықтар
0