https://sputnik.kz/20230224/soltustik-qazaqstanda-politseyler-qar-qursauynda-qalgan-balyqshylardy--qutqardy-32429725.html
Солтүстік Қазақстанда полицейлер қар құрсауында қалған балықшыларды құтқарды
Солтүстік Қазақстанда полицейлер қар құрсауында қалған балықшыларды құтқарды
Sputnik Қазақстан
ПЕТРОПАВЛ, 24 ақпан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер түнде қар құрсауында қалған балықшыларды құтқарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан... 24.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-24T14:03+0500
2023-02-24T14:03+0500
2023-02-24T14:03+0500
балықшылар
https://sputnik.kz/img/07e7/02/18/32426757_0:0:3637:2046_1920x0_80_0_0_0d757af1bdc45b42211e59439dce5aab.jpg
ПЕТРОПАВЛ, 24 ақпан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер түнде қар құрсауында қалған балықшыларды құтқарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Тайынша ауданының 24 және 44 жастағы екі тұрғыны өңірдегі ең ірі су қоймаларының бірі – Шағалалытеңіз көліне балық аулауға аттанған. Кешке қарай қарлы боран басталып, олар үйге қайтуды ұйғарғанымен, ВАЗ-2110 көлігі қар құрсауында қалып қойған. Балықшылар түні бойы қар құрсауынан шығуға әрекет жасағанмен, таңертең телефон арқылы көмек сұрады."Аудандық полиция бөліміне дабыл түскен кезде учаскелік инспекторлар Ерлан Ибраев пен Талғат Бейсенбаев оқиға орнына аттанды. Көл мен оның аумағын жақсы білетін Чермошнянки ауылының 48 жастағы тұрғыны Николай Долиненко де олармен бірге жолға шықты. Құтқарушы топ балықшыларды тапты", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.Жолды тазалай отырып, қызметтік "Нива" көлігімен тәртіп сақшылары балықшыларды жағаға шығарды.Сол күні ауыл ақсақалы Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің басшысы, полиция полковнигі Айдын Қабдулдиновтың атына жолдаған хатында полицейлер мен жерлесіне алғысын білдірді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/18/32426757_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_af5699ec6f23811c992e84885cd5776a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балықшылар
Солтүстік Қазақстанда полицейлер қар құрсауында қалған балықшыларды құтқарды
ПЕТРОПАВЛ, 24 ақпан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер түнде қар құрсауында қалған балықшыларды құтқарды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Тайынша ауданының 24 және 44 жастағы екі тұрғыны өңірдегі ең ірі су қоймаларының бірі – Шағалалытеңіз көліне балық аулауға аттанған. Кешке қарай қарлы боран басталып, олар үйге қайтуды ұйғарғанымен, ВАЗ-2110 көлігі қар құрсауында қалып қойған. Балықшылар түні бойы қар құрсауынан шығуға әрекет жасағанмен, таңертең телефон арқылы көмек сұрады.
"Аудандық полиция бөліміне дабыл түскен кезде учаскелік инспекторлар Ерлан Ибраев пен Талғат Бейсенбаев оқиға орнына аттанды. Көл мен оның аумағын жақсы білетін Чермошнянки ауылының 48 жастағы тұрғыны Николай Долиненко де олармен бірге жолға шықты. Құтқарушы топ балықшыларды тапты", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жолды тазалай отырып, қызметтік "Нива" көлігімен тәртіп сақшылары балықшыларды жағаға шығарды.
Сол күні ауыл ақсақалы Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің басшысы, полиция полковнигі Айдын Қабдулдиновтың атына жолдаған хатында полицейлер мен жерлесіне алғысын білдірді.