Өңірлер

Алматыда қар көшкіні қаупіне байланысты жолдар жабылды

© Sputnik / Анатолий УстиненкоАлматы маңындағы таулар
Алматы маңындағы таулар - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 26 ақпан - Sputnik. Алматыда қар көшкіні жүру қаупіне байланысты тауда жолдардың бірнеше бөлігі жабылды.
Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қардың көп жаууына және Үлкен және Кіші Алматы өзендері бассейндерінде тау беткейлеріндегі қар жамылғысының тұрақсыздығына байланысты 25 ақпаннан бастап бақылау бекеттері (Аюсай бөгетінен жоғары және Шымбұлақ - Эдельвейс тасжолында) орнатылды.
Аталған жол учаскелерінде тұрғындар мен көліктердің жүруіне шектеу енгізілді.
Тасжол, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2023
Бішкек - Ош тасжолында қар көшкіні жүрді
Жаңалықтар
0