https://sputnik.kz/20230218/bishkek-osh-taszholynda-qar-koshkini-zhurdi-32242986.html
Бішкек - Ош тасжолында қар көшкіні жүрді
Бішкек - Ош тасжолында қар көшкіні жүрді
Sputnik Қазақстан
Қар көшкініне байланысты барлық көлік түрлері үшін көлік қозғалысы уақытша шектелді 18.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-18T13:56+0500
2023-02-18T13:56+0500
2023-02-18T13:56+0500
бішкек
тас жол
қар
https://sputnik.kz/img/414/26/4142638_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_317035f7dfc8f9692071e76556bd6e8b.jpg
АСТАНА, 18 ақпан - Sputnik. Жалал-Абад облысында Бішкек - Ош тасжолында үш рет қар көшкіні жүрді, деп хабарлады Қырғызстан ТЖМ баспасөз қызметі.Ведомствоның алдын ала мәліметі бойынша, көшкін бүгін сағат 9:30-да Бішкек - Ош тасжолының 223-ші шақырымында болған. Қардың көлемі мен массасы анықталып жатыр , деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан. Қар көшкіні жолдың 231-ші шақырымында да түсті. ТЖМ бұл учаскені тазарту аяқтаған соң техника 223-ші шақырымда тазалау жұмыстарын жүргізеді.Қырғызстанның көлік және коммуникация министрі Тілек Текебаев әлеуметтік желілерде қар көшкіні трассаның 243-ші шақырымында болғанын хабарлады. Көшкін болған жерде көлік министрлігінің мамандары жұмыс істеп жатыр. Қар көшкініне байланысты барлық көлік түшін қозғалыс уақытша шектелген. "Сосновка" (Шу облысы) және "Арал" (Жалал-Абад облысы) бекеттерінде жол жабық.
бішкек
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/414/26/4142638_224:0:1184:720_1920x0_80_0_0_4968b912c1228d44b3485ca73f0640f0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бішкек, тас жол, қар
Бішкек - Ош тасжолында қар көшкіні жүрді
Қар көшкініне байланысты барлық көлік түрлері үшін көлік қозғалысы уақытша шектелді
АСТАНА, 18 ақпан - Sputnik. Жалал-Абад облысында Бішкек - Ош тасжолында үш рет қар көшкіні жүрді, деп хабарлады Қырғызстан ТЖМ баспасөз қызметі.
Ведомствоның алдын ала мәліметі бойынша, көшкін бүгін сағат 9:30-да Бішкек - Ош тасжолының 223-ші шақырымында болған. Қардың көлемі мен массасы анықталып жатыр , деп хабарлайды
Sputnik Қырғызстан.
Қар көшкіні жолдың 231-ші шақырымында да түсті. ТЖМ бұл учаскені тазарту аяқтаған соң техника 223-ші шақырымда тазалау жұмыстарын жүргізеді.
Қырғызстанның көлік және коммуникация министрі Тілек Текебаев әлеуметтік желілерде қар көшкіні трассаның 243-ші шақырымында болғанын хабарлады.
Көшкін болған жерде көлік министрлігінің мамандары жұмыс істеп жатыр. Қар көшкініне байланысты барлық көлік түшін қозғалыс уақытша шектелген. "Сосновка" (Шу облысы) және "Арал" (Жалал-Абад облысы) бекеттерінде жол жабық.