https://sputnik.kz/20230223/turkiyaga-baryp-kelgen-qazaqstandyq-qutqarushylarga-syyaqy-tolenedi-32401054.html
Түркияға барып келген қазақстандық құтқарушыларға сыйақы төленеді
Түркияға барып келген қазақстандық құтқарушыларға сыйақы төленеді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Түркияда зілзаладан зардап шеккендерді іздеу-құтқару операциясына қатысқан 100-ге жуық қазақстандық құтқарушыға президент... 23.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-23T12:54+0500
2023-02-23T12:54+0500
2023-02-23T12:54+0500
сыйақы
құтқарушылар
түркия
жер сілкінісі
https://sputnik.kz/img/07e7/02/13/32249201_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_c59b3c718e5f58251aa9b6351f3af81d.jpg
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Түркияда зілзаладан зардап шеккендерді іздеу-құтқару операциясына қатысқан 100-ге жуық қазақстандық құтқарушыға президент марапатынан бөлек, ақшалай сыйақы төленеді. Бұл туралы төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Ол президент Түркияға барып келген барлық құтқарушыны марапаттау туралы тапсырма бергенін еске салды.Бүгінде төтенше жағдайлар министрлігі құтқару операциясына қатысқан құтқарушылардың құжатын президент әкімшілігіне жіберіп қойған.Қазақстандық құтқарушылар Түркиядан 18-19 ақпан күндері елге оралған болатын. Вице-министрдің өзі 19 ақпан күні құтқарушылардың екінші легімен ұшып келген.ҚР ТЖМ қызметкерлері Газиантеп пен Хатайда жеті адамды құтқарып, 88 адамның денесін үйінді астынан алып шықты.Соңғы деректер бойынша Түркияда зілзаладан қаза тапқандар саны 43 мыңнан асады.
https://sputnik.kz/20230223/qazaqstannyn-qutqarushylary-turkiyadan-en-songy-bolyp-qaytty--vitse-ministr-32399616.html
түркия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/13/32249201_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_9c0b68e7a083e20d40cb148c7caef005.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сыйақы, құтқарушылар, түркия, жер сілкінісі
сыйақы, құтқарушылар, түркия, жер сілкінісі
Түркияға барып келген қазақстандық құтқарушыларға сыйақы төленеді
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Түркияда зілзаладан зардап шеккендерді іздеу-құтқару операциясына қатысқан 100-ге жуық қазақстандық құтқарушыға президент марапатынан бөлек, ақшалай сыйақы төленеді. Бұл туралы төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ол президент Түркияға барып келген барлық құтқарушыны марапаттау туралы тапсырма бергенін еске салды.
Бүгінде төтенше жағдайлар министрлігі құтқару операциясына қатысқан құтқарушылардың құжатын президент әкімшілігіне жіберіп қойған.
"Ал ақшалай сыйақыға келсек, төтенше жағдай министрлігі алдымызда өз қаражаты есебінен қарастырады, бәріне төленеді", - деді Күлшімбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Қазақстандық құтқарушылар Түркиядан 18-19 ақпан күндері елге оралған болатын. Вице-министрдің өзі 19 ақпан күні құтқарушылардың екінші легімен ұшып келген.
ҚР ТЖМ қызметкерлері Газиантеп пен Хатайда жеті адамды құтқарып, 88 адамның денесін үйінді астынан алып шықты.
Соңғы деректер бойынша Түркияда зілзаладан қаза тапқандар саны 43 мыңнан асады.