https://sputnik.kz/20230223/sarbazdyn-olimi-advokat-askeri-prokuratura-asygystyq-zhasaganyn-malimdedi-32415414.html
Сарбаздың өлімі: адвокат әскери прокуратура асығыстық жасағанын мәлімдеді
Сарбаздың өлімі: адвокат әскери прокуратура асығыстық жасағанын мәлімдеді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Адвокат Сержан Пірәлиев әскери прокуратураның соңғы мәлімдемесі тым ерте шығып кетті деп санайды. Себебі қаза тапқан сарбазбен... 23.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-23T19:27+0500
2023-02-23T19:27+0500
2023-02-23T19:27+0500
сарбаз
өлім
адвокат
әскери прокурор
https://sputnik.kz/img/25/29/252908_0:53:1025:629_1920x0_80_0_0_cb294944b8f0af123d3b95d1d6bac337.jpg
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Адвокат Сержан Пірәлиев әскери прокуратураның соңғы мәлімдемесі тым ерте шығып кетті деп санайды. Себебі қаза тапқан сарбазбен бірген болған жігіттердің ДНҚ-сараптамасы әлі дайын емес. "Шөлдала" шекара заставасында мерзімді әскери қызметші Бекбол Мираштың суициді бойынша тергеу шаралары қайта басталғаннан кейін сол жерде болған барлық сарбазды ДНК-сараптамадан өткізуге шешім шығарылды. Оның қорытындысы әлі дайын болған жоқ. Соған қарамастан, кеше бас әскери прокуратура жыныстық зорлық-зомбылық дерегінің расталмағанын мәлімдеді. Адвокат Сержан Пірәлиев әскери прокуратураның асығыс шешім шығарғанына аң-таң. "Жыныстық зорлық-зомбылық болмады дейді. Неге мұндай мәлімдеме жасағанын өздерінен сұрау керек. Дегенмен, асығыс-үсігіс хабарлама таратты. Маған ештеңе айтқан жоқ. Өздері таратып жіберді", - деді Пірәлиев Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында. Осы орайда адвокат қадағалаушы органның ондай қадамға не үшін барғанына қатысты өз ойын айтты. Оның айтуынша, ДНҚ сараптаманың қорытындысы қай кезде шығатыны белгісіз. "Сараптаманы аяқтаудың нақты мерзімі жоқ. Сарапшыларды асықтыруға ешкімнің құқығы жоқ. Бір ай бола ма, бір жарым, екі ай, одан көп болуы да мүмкін", - дейді Пірәлиев. Айта кетері, қыркүйек айында сарбаздың өліміне қатысы бар деген күдікпен бөлім командирі қамауға алынды. Ал оның адвокаты Сержан Пірәлиев сот-медициналық сараптама нәтижесіне сәйкес марқұмның денесінде екі немесе одан да көп адамның ДНҚ-сы табылғанын, бірақ өзі қорғап жатқан күдіктінің ДНҚ-сы болмағанын мәлімдеді. Ішкі істер министрлігі адвокатты қызметтік этика нормаларын бұзғаны үшін айыптады. Енді әділет министрлігі қызметтік тергеу жүргізеді.
https://sputnik.kz/20230216/sholdaladagy-sarbaz-olimi-shekara-qyzmetinin-bastygy-advokat-malimdesine-pikir-bildirdi-32184725.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/25/29/252908_58:0:965:680_1920x0_80_0_0_58fd6797d80cdbbf3ea563809f8ac407.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сарбаз, өлім, адвокат, әскери прокурор
сарбаз, өлім, адвокат, әскери прокурор
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Адвокат Сержан Пірәлиев әскери прокуратураның соңғы мәлімдемесі тым ерте шығып кетті деп санайды. Себебі қаза тапқан сарбазбен бірген болған жігіттердің ДНҚ-сараптамасы әлі дайын емес.
"Шөлдала" шекара заставасында мерзімді әскери қызметші Бекбол Мираштың суициді бойынша тергеу шаралары қайта басталғаннан кейін сол жерде болған барлық сарбазды ДНК-сараптамадан өткізуге шешім шығарылды. Оның қорытындысы әлі дайын болған жоқ. Соған қарамастан, кеше бас әскери прокуратура жыныстық зорлық-зомбылық дерегінің расталмағанын мәлімдеді. Адвокат Сержан Пірәлиев әскери прокуратураның асығыс шешім шығарғанына аң-таң.
"Жыныстық зорлық-зомбылық болмады дейді. Неге мұндай мәлімдеме жасағанын өздерінен сұрау керек. Дегенмен, асығыс-үсігіс хабарлама таратты. Маған ештеңе айтқан жоқ. Өздері таратып жіберді", - деді Пірәлиев
Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.
Осы орайда адвокат қадағалаушы органның ондай қадамға не үшін барғанына қатысты өз ойын айтты.
"Қазір көктемгі әскерге шақыру бар. Халық шуламасын деп, мәлімдеме жасады деп ойлаймын. Жыныстық қатынас және тағы басқа мәліметтер әлеуметтік желіде тарап кетті. Дегенмен біліп тұрғандай болмады деп айту абсурд қой. Логика қайда?..Шәуіт барлық жерде болды...Оны қалай түсінуге болады? Сондықтан әскери прокурорлар өздері түсіндіруі керек", - деп атап көрсетті Пірәлиев.
Оның айтуынша, ДНҚ сараптаманың қорытындысы қай кезде шығатыны белгісіз.
"Сараптаманы аяқтаудың нақты мерзімі жоқ. Сарапшыларды асықтыруға ешкімнің құқығы жоқ. Бір ай бола ма, бір жарым, екі ай, одан көп болуы да мүмкін", - дейді Пірәлиев.
Айта кетері, қыркүйек айында сарбаздың өліміне қатысы бар деген күдікпен бөлім командирі қамауға алынды. Ал оның адвокаты Сержан Пірәлиев сот-медициналық сараптама нәтижесіне сәйкес марқұмның денесінде екі немесе одан да көп адамның ДНҚ-сы табылғанын, бірақ өзі қорғап жатқан күдіктінің ДНҚ-сы болмағанын мәлімдеді. Ішкі істер министрлігі адвокатты қызметтік этика нормаларын бұзғаны үшін айыптады. Енді әділет министрлігі қызметтік тергеу жүргізеді.