https://sputnik.kz/20230216/sholdaladagy-sarbaz-olimi-shekara-qyzmetinin-bastygy-advokat-malimdesine-pikir-bildirdi-32184725.html
"Шөлдаладағы" сарбаз өлімі: шекара қызметінің бастығы адвокат мәлімдемесіне пікір білдірді
"Шөлдаладағы" сарбаз өлімі: шекара қызметінің бастығы адвокат мәлімдемесіне пікір білдірді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 ақпан — Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары - шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов Жамбылдағы сарбаздың өлімі... 16.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-16T11:59+0500
2023-02-16T11:59+0500
2023-02-16T12:00+0500
шекара
суицид
адвокат
мәлімдеме
https://sputnik.kz/img/449/66/4496623_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_8b5b20847278985705039094045e67b6.jpg
АСТАНА, 16 ақпан — Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары - шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов Жамбылдағы сарбаздың өлімі бойынша адвокат Пірәлиевтің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бұған дейін осы іс бойынша застава командирі күдікті деп танылған. Оның адвокаты Сержан Пірәлиев тергеу шараларымен келіспей, марқұмның аяқкиімінде және аузында өзге адамдардың биоматериалы анықталғанын мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, қорғап жатқан күдіктінің ДНҚ-сы табылмады. Ішкі істер министрлігі адвокатты этиканы бұзғаны үшін айыптады. Ал әскери прокуратура Жамбыл облысындағы "Шөлдала" шекара заставасында болған сарбаздың суициді бойынша тергеуді қайта бастауға шешім қабылдады. Шекара қызметінің бастығы Ерлан Алдажұманов тергеудің аяқталғанын күту керек дейді. Бірақ өз ойын айтты."Адвокаттың дәлелдері бойынша тұспал жасамай-ақ қояйын. Бір ғана нәрсе айтайын, ол кісі басты күдіктінің адвокаты. Оны түсініп тұрсыз ба? Ол күдіктіні қорғаудың сондай формасына барды, бұл - оны жеке ісі. Тергеу аяқталады. Сол кезде кім кінәлі және кімдікі дұрыс екенін көреміз. Тергеудің нәтижесін күте тұрайық. Міне, аз-ақ қалды", - деді Алдажұманов сенатта өткен брифингте. Айта кетері, былтыр тамыз айында Жамбыл облысының шекарасында әскери борышын өтеген 18 жастағы Бекбол Мираш ат қорадан өлі табылды. Осыдан кейін бөлім командирі қамауға алынып, оған қатысты "ауыр зардаптарға әкеп соқтырған билікті асыра пайдалану" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
https://sputnik.kz/20230131/shekaradagy-sarbazdyn-olimi-advokattyn-malimdemesi-tergeu-31614782.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/449/66/4496623_244:0:1732:1116_1920x0_80_0_0_0ee91e1293cba26ad28fceb09d4d26b0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шекара, суицид, адвокат, мәлімдеме
шекара, суицид, адвокат, мәлімдеме
"Шөлдаладағы" сарбаз өлімі: шекара қызметінің бастығы адвокат мәлімдемесіне пікір білдірді
11:59 16.02.2023 (жаңартылды: 12:00 16.02.2023) АСТАНА, 16 ақпан — Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары - шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов Жамбылдағы сарбаздың өлімі бойынша адвокат Пірәлиевтің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін осы іс бойынша застава командирі күдікті деп танылған. Оның адвокаты Сержан Пірәлиев тергеу шараларымен келіспей, марқұмның аяқкиімінде және аузында өзге адамдардың биоматериалы анықталғанын мәлімдеген болатын.
Оның айтуынша, қорғап жатқан күдіктінің ДНҚ-сы табылмады. Ішкі істер министрлігі адвокатты этиканы бұзғаны үшін айыптады. Ал әскери прокуратура Жамбыл облысындағы "Шөлдала" шекара заставасында болған сарбаздың суициді бойынша тергеуді қайта бастауға шешім қабылдады.
Шекара қызметінің бастығы Ерлан Алдажұманов тергеудің аяқталғанын күту керек дейді. Бірақ өз ойын айтты.
"Адвокаттың дәлелдері бойынша тұспал жасамай-ақ қояйын. Бір ғана нәрсе айтайын, ол кісі басты күдіктінің адвокаты. Оны түсініп тұрсыз ба? Ол күдіктіні қорғаудың сондай формасына барды, бұл - оны жеке ісі. Тергеу аяқталады. Сол кезде кім кінәлі және кімдікі дұрыс екенін көреміз. Тергеудің нәтижесін күте тұрайық. Міне, аз-ақ қалды", - деді Алдажұманов сенатта өткен брифингте.
Айта кетері, былтыр тамыз айында Жамбыл облысының шекарасында әскери борышын өтеген 18 жастағы Бекбол Мираш ат қорадан өлі табылды. Осыдан кейін бөлім командирі қамауға алынып, оған қатысты "ауыр зардаптарға әкеп соқтырған билікті асыра пайдалану" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.