АЭС құрылысы бойынша қоғамдық тыңдаулар кейінге шегерілді – әкімдік

© Pixabay / Markus DistelrathАтом электр станциясы, архивтегі сурет
Атом электр станциясы, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Атом электр станциясының құрылысына қатысты қоғамдық тыңдаулар сайлаудан кейін өтеді, деп хабарлады Алматы облысының Жамбыл аудандық әкімдігі.
Қоғамдық тыңдауда болашақ атом электр станциясының орналасқан жері талқыға шығарылады.

"Барлық мүдделі тараптың қатысуын қамтамасыз ету маңызды деп санаймыз. Алайда барлық деңгейдегі мәслихат өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына және сайлауға дайындалуға байланысты қазіргі уақытта жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің қатысуын қамтамасыз ету мүмкін емес", - дейді әкімдік мамандары.

Сайлаудан соң мәслихат құрамы жасақталғаннан кейін қоғамдық тыңдау өткізу туралы шешім қабылданды.
"Тыңдаулар өткізудің күні мен уақыты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген рәсімдерге сәйкес қосымша жарияланады", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, АЭС құрылысы үшін Алматы қаласынан үш жүз шақырымдай жердегі Үлкен ауылының маңайы қарастырылып жатыр.
Строительство атомной электростанции Аккую в Турции - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2022
Өңірлер
АЭС салу үшін нақты үш талап орындалуы шарт – экология министрлігі
Жаңалықтар
0