https://sputnik.kz/20220823/aes-talap-ekologiya-ministrligi-26948081.html
АЭС салу үшін нақты үш талап орындалуы шарт – экология министрлігі
АЭС салу үшін нақты үш талап орындалуы шарт – экология министрлігі
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі атом электр станциясын салуға рұқсат беретін басты үш талапты жариялады... 23.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-23T12:34+0500
2022-08-23T12:34+0500
2023-08-10T10:32+0500
өңірлер
қр энергетика министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e6/08/01/26462306_0:161:3071:1888_1920x0_80_0_0_b63079020cd29c83d974560e9d7cf8fc.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі атом электр станциясын салуға рұқсат беретін басты үш талапты жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасовтың айтуынша, атом электр станциясын салу үшін экологиялық мәселелермен бірге халықтың пікірі де ескерілуі шарт. Комитет басшысы АЭС жобасы қарастырылғанда осы үш талапқа басымдық берілетінін жеткізді. Айта кетері, бұған дейін энергетика министрі Болат Ақшолақов атом электр станциясы салынатын жердің анықталғанын мәлімдеді. Ол - Алматы облысының Үлкен ауылына жақын жер. АЭС Балқаштың жағасында орналасады. Бірақ нақты координаттарын айтпады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/01/26462306_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_05cd564e5c16c96d984e0ad828794ebd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қр энергетика министрлігі
қр энергетика министрлігі
АЭС салу үшін нақты үш талап орындалуы шарт – экология министрлігі
12:34 23.08.2022 (жаңартылды: 10:32 10.08.2023) НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі атом электр станциясын салуға рұқсат беретін басты үш талапты жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасовтың айтуынша, атом электр станциясын салу үшін экологиялық мәселелермен бірге халықтың пікірі де ескерілуі шарт.
"Енді, қазір энергетика министрлігі жанындағы үлкен ұйым зерттеу жүргізіп жатыр. Балқаштың жағасында салуға ұсыныс бар. Бұл жерде үш негізгі мәселені ескеру керек. Біріншіден, құрылыс барлық экологиялық талапқа сай болса ғана бастауға болады. Екіншіден, қоғамдық тыңдаулар өткізу керек. Бұл мәселені қоғаммен келіскен жағдайда іске асыруға болады. Үшіншіден, суды сақтау мәселесі, қазір атом өндірісінде озық технологиялар бар дейді. Соның арқасында судың аз мөлшерін пайдаланады. Былайша айтқанда, ондай технологиялар болса, Балқаштың су қорына кері әсер етпеуі керек", - деді Жолдасов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Комитет басшысы АЭС жобасы қарастырылғанда осы үш талапқа басымдық берілетінін жеткізді.
Айта кетері, бұған дейін энергетика министрі Болат Ақшолақов атом электр станциясы салынатын жердің анықталғанын мәлімдеді.
Ол - Алматы облысының Үлкен ауылына жақын жер.
АЭС Балқаштың жағасында орналасады. Бірақ нақты координаттарын айтпады.