Экономика

Сот Jusan Bank акцияларын бұғаттады

© Sputnik / Владислав ВодневJusan Bank
Jusan Bank - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Сот First Heartland Securities компаниясына тиесілі Jusan Bank-тегі акцияларын бұғаттады, деп хабарлады Қазақстан қор биржасы.
15 ақпандағы жағдай бойынша компания активетірінің жалпы құнының (131 291 843 акция) 67,58 процентіне тыйым салынды.
Бұған дейін бас прокуратура Jusan тобына бақылау үлесін Қазақстанға қайтаруға мүдделі екенін мәлімдеді. Қадағалаушы органға "Назарбаев қорынан" арыз түскен. Оған сәйкес, Jusan шетелдіктердің иелігіне өтіп кетті.
Ал қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігі бас прокуратураның азаматтық сотқа түсірген талабы банк клиенттерінің ақшасына қауіп төндірмейтінін хабарлады.
Жусан банк маңдайшасы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2023
Экономика
Бас прокуратураның талап-арызы Jusan Bank-тің жұмысына қалай әсер етеді
Жаңалықтар
0