Экономика

Бас прокуратураның талап-арызы Jusan Bank-тің жұмысына қалай әсер етеді

© Sputnik / Абзал КалиевЖусан банк маңдайшасы
Жусан банк маңдайшасы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Бас прокуратураның Jusan Bank-тің шетелдік акционерлеріне қатысты азаматтық талап-арызы банк бақылауын шетелдік юрисдикциядан Қазақстанға қайтаруға бағытталған және банк үшін ешқандай тәуекелдері болмайды, деп сендірді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.
Ведомство Jusan Bank штатты режимде жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

"Банк барлық пруденциялық нормативті орындап жатыр және қаржылық жағынан орнықты саналады. Сондай-ақ клиенттер алдындағы міндеттемелерді уақтылы және толық көлемде орындап жатыр. Осыған байланысты банктің қаржылық тұрақтылығы үшін тәуекелдер жоқ", - делінген агенттіктің хабарламасында.

Moody's Investors Service халықаралық рейтинг агенттігі 2022 жылдың соңында болжамды "Тұрақты" деңгейден "Позитивті" деңгейге көтеріп, Jusan Bank-тің В1 деңгейіндегі ұзақ мерзімді рейтингін растаған.
Бұған дейін Jusan тобын бақылау Қазақстанға қайтарылатыны хабарланған еді.
Бас прокуратура капиталды жымқыру және шетелге шығару фактілерін анықтау үшін банк секторында талдау жүргізген. Жұмыс барысында "Jusan" тобының активтерін басқару құрылымын өзгертудің көлеңкелі схемасы анықталды. Бұл схеманы жүзеге асыру нәтижесінде топтың қызметін бақылау құзіреті шетелде тіркелген ұйымдарға өтеусіз берілген.
Бас прокуратура бұл әрекеттер қоғамдық мүддеге қауіп төндірді деп санайды.
Жаңалықтар
0