Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Путиннің федералдық жиындағы сөзі Батыста қызу талқыланды

© POOL / Медиабанкке өтуПослание президента РФ Владимира Путина Федеральному собранию
Послание президента РФ Владимира Путина Федеральному собранию - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2023
Жазылу
Ресей президенті Владимир Путиннің федералдық жиналыс алдында сөйлеген сөзін жетекші ақпарат агенттіктері тікелей эфир арқылы көрсетсе, ресейлік көшбасшы өз үндеуін аяқтамай жатып-ақ әлемдік БАҚ-та оны қызу талқылаулар басталды, деп жазды РИА Новости.
Батыстағылардың ресейлік президенттің үндеуіне көзқарасын екіге бөлуге болады: бірі өздерін өздері тығырыққа тірегенін түсінгендер болса, екіншілері Украинада бейбітшілік орнатуға Ресей кедергі болды деген ұстанымға берік адамдар.
Байденнің қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан "Украина Ресейге қауіп төндірді деген ой ақылға қонымсыз екені" туралы пікір білдірді. Бірақ Донбастағы, 2014 жылдың 2 мамырында бейбіт тұрғындардың тұрақты мерт болуы, НАТО-ның әскери техникасы, НАТО-ның нұсқаушылары, украиналық неонацизм, ядролық қаруды қолдану туралы қоқан-лоқыны ескермеуге болмайтыны белгілі.
Ұлыбританиядағы Guardian, америкалық The New York Times және бұқаралық әрі интеллектуалды басылымдар әлі де барлығына Путинді кінәлап, НАТО-ның шығысқа қарай кеңеюі Ресейге еш қауіп төндірмегені туралы жазып жатыр. Ресейді оқшаулауға, ыдыратуға үгіттейтін ұрандарға назар аудармау ұсынылады. Сондықтан Батыс Ресейдің өз тәуелсіздігін қорғауға деген ұмтылысына наразы болып отырған сыңайлы. Бұл іс-қимылдар Батыстың алдын ала жоспарланған сценарийін бұзған секілді.
Владимир Путин - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2023
Путин федералдық жиналыста не айтты
"Путиннің стратегиялық қару-жарақ туралы келісімшартты тоқтата тұру туралы шешімі батыстағы истеблишментке оңай тимеді. Олар үндеудегі маңызды мәлімдеме деп осыны атады", - деп жазылған материалда.
Энтони Блинкен Путиннің шешімін "сәтсіз әрі жауапсыздық" деп атап, "осы бағытта Ресей не істеп жатқанын АҚШ мұқият бақылауда ұстайтынын" айтты. Бірақ мемлекеттік хатшы мұны жүзеге асыру үшін техникалық мүмкіндік жоқ екенін айтпады.
Путиннің америкалықтар ядролық сынақты жаңғыртатын болса, Ресей де осыны жүзеге асыратыны туралы уәдесін Guardian басылымы "Ресей Украинада ядролық қару қолдану қаупін мәлімдеді" деп жариялады.
Ұжымдық Батыс өкілдері Путиннің үндеуін түсінбеген сыңай танытса, жаһандық Оңтүстік пен Шығыс елдері Путин мәлімдемесі түсінікті болғанын айтты. Қытайдағы БАҚ Вашингтонның әлемдік үстемдікке қатысты наразылығына бос қарауға болмайтынын айтса, қытай оқырмандары орыстардың батылдығына тәнті болып, Ұлы Отан соғысы кезінде Батысқа қарсылық танытқанын еске салды.
"Тарихында отаршылдықты бастан кешірген кез келген ел Путиннің мәлімдемесін түсінгені белгілі. Сондықтан Батыс өзінің құлдырауын біршама тежеу үшін Ресейдің "стратегиялық жеңілісіне" қол жеткізу үшін барын салды. Егер Ресей қарсы тұра алмаса, Вашингтон өз жағдайын түзету үшін кез келген мемлекетке шүйлігуі ықтимал", - деп жазды РИА Новости.
Бірінші кезекте Қытай тұрғаны да белгілі. Дегенмен қытай оқырмандары бүгінде "Батыс гегемониясына қарсы күресте Ресей басты рөлді атқарып тұрғанын" жазды. Бірақ Қытайдан басқа әлемнің кез келген елі Батыс назарына ілігуі мүмкін.
Бүгінде шағын әрі үлкен, кедей әрі бай елдердің мүддесін Ресей таныстырып отыр. Егер Мәскеу әлсіздік танытса, батыс капиталының бақылаусыз гегемониясы тәуелсіздікке, экономика мен ұлттық мәртебеге қысым көрсетуі мүмкін.
Желіде қарапайым оқырман Путиннің үндеуіне қатысты көп пікір қалдырып жатыр. Олар Ресейдің бүгінде әлемдік тәртіпті өзгертіп, барлығы үшін тең әрі бөлінбейтін қауіпсіздік орнату бойынша іс-қимылына қолдау көрсетуге бағытталған.
Жалпы Ресей президенті қарапайым дүниелер туралы айтты. Шынайы егемендік туралы, елімізді қорғауға батылдықпен ұмтылу туралы, америкалық гегемониядан кейін бүкіл әлем бірігіп құра алатын жаңа, әділетті әлем туралы айтты. Путин өз сөзін элитаға емес, бүкіл әлемдегі миллиардтаған адамға арнады.
Жаңалықтар
0