https://sputnik.kz/20230222/dopingpen-ustalgan-qazaqstandyq-auyr-atlet-olimpiada-zhuldesinen-ayyrylmaydy-32364766.html
Допингпен ұсталған қазақстандық ауыр атлет Олимпиада жүлдесінен айырылмайды
Допингпен ұсталған қазақстандық ауыр атлет Олимпиада жүлдесінен айырылмайды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Мәдениет және спорт министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуәлиева допингпен ұсталған Игорь Сон Олимпиада медалінен айырылмайтынын... 22.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-22T21:18+0500
2023-02-22T21:18+0500
2023-02-22T21:18+0500
ауыр атлетика
допинг
https://sputnik.kz/img/07e5/07/1b/17697383_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_b5043777ac357fdaebdb880e994b0d66.jpg
АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Мәдениет және спорт министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуәлиева допингпен ұсталған Игорь Сон Олимпиада медалінен айырылмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Ауыр атлет допинг пайдаланғаны үшін 8 жылға спорттан шеттетілді. Мәдениет және спорт министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуәлиеваның айтуынша, ауыр атлеттің былтырғы сынамасы оң нәтиже көрсеткен."ВАДА-ның халықаралық ережесіне сәйкес, жоғары нәтиже көрсетіп жүрген кәсіби спортшылар, Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері үнемі допинг тест тапсырып отырады. Осыған байланысты 2022 жылы 2 наурызда Жетісу облысында өткен турнир кезінде Игорь Соннан сынама алынды. Ол допингтің бар екенін көрсетті. ВАДА стандарты бойынша сынамалар бірнеше рет қайта тексерілді. Соның нәтижесінде спортшы 2022 жылғы 8 наурыздан 2030 жылдың 28 наурызына дейін 8 жылға спорттан шеттетілді", - дейді Әбдуәлиева.Ал Игорь Сонның Токио Олимпиадасы кезінде тапсырған сынамасы таза шыққан."Сондықтан Олимпиаданың қола медалі, ақшалай сыйақы мен пәтер қайтарылмайды", - деп атап өтті министрліктің ресми өкілі.Айта кетері, Қазақстан құрамасы Токио Олимпиадасында 8 қола медал жеңіп алды. Біреуін ауыр атлет Игорь Сон иеленді.
https://sputnik.kz/20230222/qazaqstandyq-auyr-atlet-igor-son-doping-32330973.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/07/1b/17697383_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_832da1394499b84decfef1ef2509a581.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыр атлетика, допинг
Допингпен ұсталған қазақстандық ауыр атлет Олимпиада жүлдесінен айырылмайды
АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Мәдениет және спорт министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуәлиева допингпен ұсталған Игорь Сон Олимпиада медалінен айырылмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Ауыр атлет допинг пайдаланғаны үшін 8 жылға спорттан шеттетілді. Мәдениет және спорт министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуәлиеваның айтуынша, ауыр атлеттің былтырғы сынамасы оң нәтиже көрсеткен.
"ВАДА-ның халықаралық ережесіне сәйкес, жоғары нәтиже көрсетіп жүрген кәсіби спортшылар, Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері үнемі допинг тест тапсырып отырады. Осыған байланысты 2022 жылы 2 наурызда Жетісу облысында өткен турнир кезінде Игорь Соннан сынама алынды. Ол допингтің бар екенін көрсетті. ВАДА стандарты бойынша сынамалар бірнеше рет қайта тексерілді. Соның нәтижесінде спортшы 2022 жылғы 8 наурыздан 2030 жылдың 28 наурызына дейін 8 жылға спорттан шеттетілді", - дейді Әбдуәлиева.
Ал Игорь Сонның Токио Олимпиадасы кезінде тапсырған сынамасы таза шыққан.
"Сондықтан Олимпиаданың қола медалі, ақшалай сыйақы мен пәтер қайтарылмайды", - деп атап өтті министрліктің ресми өкілі.
Айта кетері, Қазақстан құрамасы Токио Олимпиадасында 8 қола медал жеңіп алды. Біреуін ауыр атлет Игорь Сон иеленді.