Спорт

Қазақстандық ауыр атлет Игорь Сон допинг қолданғаны үшін жарыстан шеттетілді

© AFP 2024 / VINCENZO PINTO Игорь Сон
 Игорь Сон - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2023
Жазылу
Допинг сынамасынан метастерон препараты табылғандықтан, Токио Олимпиадасының жүлдегері алдағы сегіз жылда жарысқа шыға алмайды
АСТАНА, 22 ақпан - Sputnik. Әлемдік ауыр атлетиканың жұлдыздарының бірі қазақстандық Игорь Сон 2030 жылға дейін жарыстан шеттетілді. Бұл туралы республиканың ұлттық допингке қарсы орталығының сайтында хабарланды.
Олимпиада-2020 қола жүлдегері 2030 жылдың 28 наурызына дейін ұлттық чемпионаттар мен халықаралық жарыстардың тұғырына көтеріле алмайды, деп хабарлайды сайт.
Ұлттық орталықтың мәліметінше, соңғы жылдары тұрақты түрде республикалық жарыстарда жүлде алып жүрген 24 жастағы спортшының допинг сынамасынан синтетикалық анаболикалық стероид метастерон табылған.
Допинг сынамасы 2022 жылдың наурызында шықты, деп еске салды орталық, енді дисквалификация туралы шешім қабылданды.
Токиода өткен Олимпиадада ұлттық құрама сапында Игорь 61 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге қол жеткізген санаулы жеңімпаздың бірі болды.
Қазақстанның ұлттық допингке қарсы орталығының тізімінде жарыстан шеттетілгендер арасында басқа да ауыр атлеттер, жеңіл атлетика мен таэквондоның жекелеген түрлерінің өкілдері бар.
Архивное фото образца, подлежащего испытанию в лаборатории допинг-контроля - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2021
Әлем
АҚШ допинг қолдануды ауыр қылмыс ретінде қарастыратын заң әзірлеп жатыр  
Жаңалықтар
0