https://sputnik.kz/20230222/aqtobelikter-ush-zhyl-buryn-satyp-algan-kolikterinen-ayyryluy-mumkin-32332937.html
Ақтөбеліктер үш жыл бұрын сатып алған көліктерінен айырылуы мүмкін
Ақтөбеліктер үш жыл бұрын сатып алған көліктерінен айырылуы мүмкін
АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Ақтөбе қаласының тұрғындары заң бойынша сатып алған көліктерін айыппұл тұрағынан ала алмай жүр. 22.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-22T09:45+0600
2023-02-22T09:45+0600
2023-02-22T09:54+0600
өңірлер
ақтөбе
көлік
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/26/09/260960_0:111:6017:3495_1920x0_80_0_0_a17c43a936ff44b0f4339d006ddc992a.jpg
АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Ақтөбе қаласының тұрғындары заң бойынша сатып алған көліктерін айыппұл тұрағынан ала алмай жүр.Үш жыл бұрын қала тұрғындары хабарландыру арқылы көлік сатып алған. Бірақ кейін барлығы "Гарант 24 Ломбард", "Выгодный займ" және тағы басқа қаржы пирамидаларына қатысты қылмыстық іс бойынша заттай айғақ ретінде тәркіленді, деп хабарлайды КТК арнасы."Біз барлық құжатты халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы рәсімдедік. Ол кезде ломбард немесе басқа бір ұйымдар туралы сөз болмады. 2020 жылдың қаңтар айында сатып алдық, ал мамыр айында ол көлікті алып қойды. Айыппұл тұрағына апарып тастады, сақтау қолхатын да берді. Бірақ үш жыл болды, өз мүлкімізді пайдалана аламай жүрміз. Адал ақшамызға сатып алған көлікті бергіміз келмейді", - дейді Алексей Пупыкин. Барлығы көлікті дәл осылай рәсімдеп алған. Бағасы да тиімді болған. Көліктерді сатып алушылардың атына еш кедергісіз жазып берген. Бірақ аяқ астынан қаржы пирамидаларына қатысты қылмыстық іс бойынша заттай айғақ ретінде тәркіленді. Ол пирамидаларды ұйымдастырған адамдар сотталды. Алайда тәркіленген көліктер әлі күнге дейін айыппұл тұрағынан шығарылмай отыр. Бұрынғы иелері сот арқылы қайтаруға мүдделі. Олардың арызы азаматтық сотта қаралуы қажет. Ал прокурорлар қарсылық білдіріп, барлық мүлікті бұрынғы иелеріне қайтару қажеттігін мәлімдеді.
https://sputnik.kz/20230221/konstruktor-kolikter-tirkeu-astanada-zhuzdegen-zhurgizushi-shu-shygardy-32300406.html
ақтөбе
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/26/09/260960_604:0:5411:3605_1920x0_80_0_0_d134199ca122d99d2ea2fb9b904ae7de.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
ақтөбе, көлік
Ақтөбеліктер үш жыл бұрын сатып алған көліктерінен айырылуы мүмкін
09:45 22.02.2023 (жаңартылды: 09:54 22.02.2023) АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Ақтөбе қаласының тұрғындары заң бойынша сатып алған көліктерін айыппұл тұрағынан ала алмай жүр.
Үш жыл бұрын қала тұрғындары хабарландыру арқылы көлік сатып алған. Бірақ кейін барлығы "Гарант 24 Ломбард", "Выгодный займ" және тағы басқа қаржы пирамидаларына қатысты қылмыстық іс бойынша заттай айғақ ретінде тәркіленді, деп хабарлайды КТК арнасы.
"Біз барлық құжатты халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы рәсімдедік. Ол кезде ломбард немесе басқа бір ұйымдар туралы сөз болмады. 2020 жылдың қаңтар айында сатып алдық, ал мамыр айында ол көлікті алып қойды. Айыппұл тұрағына апарып тастады, сақтау қолхатын да берді. Бірақ үш жыл болды, өз мүлкімізді пайдалана аламай жүрміз. Адал ақшамызға сатып алған көлікті бергіміз келмейді", - дейді Алексей Пупыкин.
Барлығы көлікті дәл осылай рәсімдеп алған. Бағасы да тиімді болған. Көліктерді сатып алушылардың атына еш кедергісіз жазып берген. Бірақ аяқ астынан қаржы пирамидаларына қатысты қылмыстық іс бойынша заттай айғақ ретінде тәркіленді. Ол пирамидаларды ұйымдастырған адамдар сотталды.
Алайда тәркіленген көліктер әлі күнге дейін айыппұл тұрағынан шығарылмай отыр. Бұрынғы иелері сот арқылы қайтаруға мүдделі. Олардың арызы азаматтық сотта қаралуы қажет. Ал прокурорлар қарсылық білдіріп, барлық мүлікті бұрынғы иелеріне қайтару қажеттігін мәлімдеді.