https://sputnik.kz/20230220/astanada-range-rover-iesi-esirtki-iri-partiyasymen-ustaldy-video-32276394.html
Астанада Range Rover иесі есірткінің ірі партиясымен ұсталды – видео
Астанада Range Rover иесі есірткінің ірі партиясымен ұсталды – видео
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Астана тұрғыны синтетикалық есірткінің ірі партиясымен ұсталды. Бұл туралы онлайн брифингте ішкі істер министрлігінің баспасөз... 20.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-20T13:56+0500
2023-02-20T13:56+0500
2023-02-20T13:56+0500
елорда тынысы
астана
есірткі
https://sputnik.kz/img/435/47/4354731_0:44:4097:2348_1920x0_80_0_0_2589ce9718e6abbd0fe12b47c9f93300.jpg
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Астана тұрғыны синтетикалық есірткінің ірі партиясымен ұсталды. Бұл туралы онлайн брифингте ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Күмісбеков көшесінің бойында 35 жастағы ер адам ұсталды. Оның Range Rover маркалы көлігінің жүк салғышында екі пакет мефедрон табылды. "Ұсталған ер адам есірткіні Алматыда сатып алған. Сосын Астанаға бара жатқан көлікке салып жіберген. Ал өзі ұшақпен ұшып келді. Одан кейін есірткіні бір-бір келіден бөліп, үш қалада – Көкшетау, Петропавл мен Павлодарда тығып қоймақ болған. Ары қарай оны басқа адамдар сататын еді", - дейді Тұрлыбек.Тінту кезінде күдіктінің үйінен тағы екі келі наша, бір миллион теңгеден астам ақша, электронды таразы және буып түйетін материалдар тәркіленді. Айта кетері, тәркіленген есірткінің жалпы көлемі аса ірі мөлшерге жатады. Ондай қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі тәркіленеді.
https://sputnik.kz/20230217/oralda-kopqabatty-uydin-shatyrynda-esirtki-zertkhanasy-tabyldy-video-32212662.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/435/47/4354731_446:0:3577:2348_1920x0_80_0_0_653db0a5d108274ef84ceb1a0fd7a4f2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, есірткі
Астанада Range Rover иесі есірткінің ірі партиясымен ұсталды – видео
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Астана тұрғыны синтетикалық есірткінің ірі партиясымен ұсталды. Бұл туралы онлайн брифингте ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Күмісбеков көшесінің бойында 35 жастағы ер адам ұсталды. Оның Range Rover маркалы көлігінің жүк салғышында екі пакет мефедрон табылды.
"Ұсталған ер адам есірткіні Алматыда сатып алған. Сосын Астанаға бара жатқан көлікке салып жіберген. Ал өзі ұшақпен ұшып келді. Одан кейін есірткіні бір-бір келіден бөліп, үш қалада – Көкшетау, Петропавл мен Павлодарда тығып қоймақ болған. Ары қарай оны басқа адамдар сататын еді", - дейді Тұрлыбек.
Тінту кезінде күдіктінің үйінен тағы екі келі наша, бір миллион теңгеден астам ақша, электронды таразы және буып түйетін материалдар тәркіленді.
Айта кетері, тәркіленген есірткінің жалпы көлемі аса ірі мөлшерге жатады. Ондай қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі тәркіленеді.