https://sputnik.kz/20230217/oralda-kopqabatty-uydin-shatyrynda-esirtki-zertkhanasy-tabyldy-video-32212662.html
Оралда көпқабатты үйдің шатырында есірткі зертханасы табылды – видео
Оралда көпқабатты үйдің шатырында есірткі зертханасы табылды – видео
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. Орал қаласының тұрғыны өзі тұратын көпқабатты үйдің шатырында есірткі зертханасын ашып алды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі. 17.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-17T08:37+0500
2023-02-17T08:37+0500
2023-02-17T08:37+0500
өңірлер
орал
көпқабатты тұрғын үй
зертхана
https://sputnik.kz/img/379/81/3798100_0:160:3075:1890_1920x0_80_0_0_45e169df0dc2db6971df2ff8d6950af1.jpg
АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. Орал қаласының тұрғыны өзі тұратын көпқабатты үйдің шатырында есірткі зертханасын ашып алды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі. 39 жастағы ер адам арнайы жылыжай жасап, ішінде қарасора өсірген. Жасырын зертханасының қабырғаларын фольга және пластикалық материалмен қаптаған. Жылу, жарық пен желдету жүйесі де бар. Тінту кезінде құмыралар, қарасора мен тыңайтқышқа ұқсас өсіп келе жатқан өсімдіктер тәркіленді. Күдіктің айтуынша, барлық құрал-жабдық, тұқым мен марихуана өсіруге арналған бейне нұсқаулыққа әлеуметтік желі арқылы тапсырыс берген. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 300-бабы, 1-бөлігі ("Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Осы қылмыс үшін 2 000 АЕК-ке (6 900 000 теңгеге) дейiнгi айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, я болмаса, 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту қарастырылған. Екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасына да тартылуы мүмкін.
https://sputnik.kz/20230215/qumar-oyyny-men-mefedronga-2-zhylda-100-mln-zhumsadym-taueldi-32101350.html
орал
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/379/81/3798100_172:0:2903:2048_1920x0_80_0_0_c3efff6f4e777575dd972e23bb5364fe.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
орал, көпқабатты тұрғын үй, зертхана
орал, көпқабатты тұрғын үй, зертхана
Оралда көпқабатты үйдің шатырында есірткі зертханасы табылды – видео
АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. Орал қаласының тұрғыны өзі тұратын көпқабатты үйдің шатырында есірткі зертханасын ашып алды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.
39 жастағы ер адам арнайы жылыжай жасап, ішінде қарасора өсірген. Жасырын зертханасының қабырғаларын фольга және пластикалық материалмен қаптаған. Жылу, жарық пен желдету жүйесі де бар.
Тінту кезінде құмыралар, қарасора мен тыңайтқышқа ұқсас өсіп келе жатқан өсімдіктер тәркіленді.
Күдіктің айтуынша, барлық құрал-жабдық, тұқым мен марихуана өсіруге арналған бейне нұсқаулыққа әлеуметтік желі арқылы тапсырыс берген.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 300-бабы, 1-бөлігі ("Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Осы қылмыс үшін 2 000 АЕК-ке (6 900 000 теңгеге) дейiнгi айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, я болмаса, 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту қарастырылған. Екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасына да тартылуы мүмкін.