https://sputnik.kz/20230218/tenge-nygayyp-keledi--sarapshylar-sebebin-aytty-32244923.html
Теңге нығайып келеді – сарапшылар себебін айтты
Теңге нығайып келеді – сарапшылар себебін айтты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. Қазақстанның ұлттық валютасы бір аптаның ішінде 8 теңгеге нығайды. Ұлттық банктің демалысқа белгілеген бағамы бір доллар үшін... 18.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-18T15:49+0500
2023-02-18T15:49+0500
2023-02-18T15:49+0500
теңге бағамы
мұнай бағасы
салық
https://sputnik.kz/img/07e6/03/03/23258326_2:0:3643:2048_1920x0_80_0_0_2925919bb192417f961256540e52eada.jpg
АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. Қазақстанның ұлттық валютасы бір аптаның ішінде 8 теңгеге нығайды. Ұлттық банктің демалысқа белгілеген бағамы бір доллар үшін 444,23 теңге болып тұр. Ал ақша айырбастау пункттерінде шетелдік валюта 449-450 теңгеге сатылып жатыр. Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат берген сарапшылар теңгенің не себепті күшейгенін түсіндіріп, болашақта бағам қалай өзгеретінін болжады.Экспорт арттыЭкономист Сапарбай Жұбаевтың айтуынша, теңгенің нығаюынаеліміздің төлем балансы әсер етіп отыр.Сарапшының сөзіне қарағанда, теңге бағамына әсер еткен тағы бір фактор – мұнай бағасы. Соңғы кезде "қара алтынның" құны көтерілді."Қазіргі бағам сақтала ма, жоқ па, оны дәл айту қиын. Оған өте көп фактор әсер етеді. Ресейдегі геосаяси жағдай да бар. Мысалы, соңғы кезде рубль бір долларға шаққанда 75-ке дейін түсіп кетті. Ол да бізге бір-екі айдан кейін әсер етуі мүмкін. Негізі бізге теңгенің тұрақты болғаны қажет", - деп атап өтті Жұбаев.Сайлаудың қатысы жоқҚаржыгер Расул Рысмамбетов те былтыр мұнайдан біраз ақша түскенін айтып отыр. Оған қоса, салық төлеу кезеңі басталғанда теңге нығайып отырады."2022 жылы мұнайдан жақсы табыс түсті. Ұлттық қорға да көп ақша аударылды. Ресейге салынған санкциялардан кейін қазақстандық мұнайға сұраныс өсті. Сол себепті біздің шикізатымыз қымбаттап жатыр. Ол – жақсы жаңалық. Сосын салық төлеу маусымы басталғанда теңге күшейеді. Оны бәріміз жақсы білеміз. Шетелдік валютамен табыс табатын компаниялар ақшаны жаппай теңгеге ауыстырады да, бюджетке салық төлейді. Бұның барлығы теңгені нығайтып отыр. Ал сайлаудың еш қатысы жоқ деп ойлаймын", - дейді Рысмамбетов.Қаржы сарапшысы Айдархан Құсайыновтың ойынша, бірнеше айдан кейін долларға деген сұраныс көбейеді. Сол кезде шетелдік валютаның бағамы қайтадан көтеріледі."Бізде ылғи жыл басында долларға деген сұраныс күрт төмендейді. Содан теңге күшейе бастайды. Оған қоса, ақпанда салық аптасы бар. Ондайда компанияларды долларды сатуға міндеттеудің қажеті жоқ. Олар өздері шетелдік валютаны айырбастап, салық төлеуге кіріседі. Қазір ақпан бітеді, наурыз-сәуір айларында долларға сұраныс қайта қалпына келеді. Сосын мамырда немесе маусымға қарай оның бағамы күрт көтеріледі", - деді Құсайынов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.
https://sputnik.kz/20221214/zeynetaqy-zhinaqtary-qunsyzdanyp-barady---deputat-dabyl-qaqty-30352398.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/03/23258326_457:0:3188:2048_1920x0_80_0_0_00718b12225d5d0b831459b22d568dbe.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
теңге бағамы, мұнай бағасы, салық
теңге бағамы, мұнай бағасы, салық
АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. Қазақстанның ұлттық валютасы бір аптаның ішінде 8 теңгеге нығайды. Ұлттық банктің демалысқа белгілеген бағамы бір доллар үшін 444,23 теңге болып тұр. Ал ақша айырбастау пункттерінде шетелдік валюта 449-450 теңгеге сатылып жатыр.
Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат берген сарапшылар теңгенің не себепті күшейгенін түсіндіріп, болашақта бағам қалай өзгеретінін болжады.
Экономист Сапарбай Жұбаевтың айтуынша, теңгенің нығаюынаеліміздің төлем балансы әсер етіп отыр.
"Бұл – Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарының статистикалық есебі. Осы есепте "ағымдағы шот" деген бір бөлігі бар. Сол теңге бағамына әсер етеді. Ағымдағы шот 2022 жылдың қорытындысы бойынша оң нәтиже көрсетті. Соның арқасында теңге күшейіп отыр. Біздің экспортымыз да өсті. Демек табыс көп түсті", - дейді Жұбаев.
Сарапшының сөзіне қарағанда, теңге бағамына әсер еткен тағы бір фактор – мұнай бағасы. Соңғы кезде "қара алтынның" құны көтерілді.
"Қазіргі бағам сақтала ма, жоқ па, оны дәл айту қиын. Оған өте көп фактор әсер етеді. Ресейдегі геосаяси жағдай да бар. Мысалы, соңғы кезде рубль бір долларға шаққанда 75-ке дейін түсіп кетті. Ол да бізге бір-екі айдан кейін әсер етуі мүмкін. Негізі бізге теңгенің тұрақты болғаны қажет", - деп атап өтті Жұбаев.
Қаржыгер Расул Рысмамбетов те былтыр мұнайдан біраз ақша түскенін айтып отыр. Оған қоса, салық төлеу кезеңі басталғанда теңге нығайып отырады.
"2022 жылы мұнайдан жақсы табыс түсті. Ұлттық қорға да көп ақша аударылды. Ресейге салынған санкциялардан кейін қазақстандық мұнайға сұраныс өсті. Сол себепті біздің шикізатымыз қымбаттап жатыр. Ол – жақсы жаңалық. Сосын салық төлеу маусымы басталғанда теңге күшейеді. Оны бәріміз жақсы білеміз. Шетелдік валютамен табыс табатын компаниялар ақшаны жаппай теңгеге ауыстырады да, бюджетке салық төлейді. Бұның барлығы теңгені нығайтып отыр. Ал сайлаудың еш қатысы жоқ деп ойлаймын", - дейді Рысмамбетов.
Қаржы сарапшысы Айдархан Құсайыновтың ойынша, бірнеше айдан кейін долларға деген сұраныс көбейеді. Сол кезде шетелдік валютаның бағамы қайтадан көтеріледі.
"Бізде ылғи жыл басында долларға деген сұраныс күрт төмендейді. Содан теңге күшейе бастайды. Оған қоса, ақпанда салық аптасы бар. Ондайда компанияларды долларды сатуға міндеттеудің қажеті жоқ. Олар өздері шетелдік валютаны айырбастап, салық төлеуге кіріседі. Қазір ақпан бітеді, наурыз-сәуір айларында долларға сұраныс қайта қалпына келеді. Сосын мамырда немесе маусымға қарай оның бағамы күрт көтеріледі", - деді Құсайынов
Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.