https://sputnik.kz/20221214/zeynetaqy-zhinaqtary-qunsyzdanyp-barady---deputat-dabyl-qaqty-30352398.html
Зейнетақы жинақтары құнсызданып барады - депутат дабыл қақты
Зейнетақы жинақтары құнсызданып барады - депутат дабыл қақты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов зейнетақы жинақтарының күн өткен сайын құнсызданып жатқанына алаңдаушылық білдіріп, ол ақшаны... 14.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-14T15:46+0500
2022-12-14T15:46+0500
2023-08-11T11:40+0500
қарыз
депутат
зейнетақы
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948654_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_c057ccc1f916be84f52fbbd31d9dcd54.jpg
АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов зейнетақы жинақтарының күн өткен сайын құнсызданып жатқанына алаңдаушылық білдіріп, ол ақшаны инфляция "жеп қоймай" тұрғанда халықтың қарызын жабу үшін пайдалануды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бүгін төменгі палатаның жалпы отырысында Жамалов президенттің ұлттық қорға қатысты сөзін еске алды. Бүгінде қордың ақшасына ұлттық банк жауапты. Бірақ оның жұмысы көңіл көншітпейді. Қордың қаржысы сан алуан активтерге салынса да, одан түсетін пайда көп емес. Ұлттық банк бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақшасын да басқарады. Ол жерде 14 трлн. теңге бар. Депутаттың айтуынша, бүгінде БЖЗҚ-ның ақшасы күн сайын құнсызданып барады. Ал қор басшылығы халықтың өз ақшасын пайдалануды барынша қысқартуға тырысып келеді. Зейнетақы жарналарын мерзімінен бұрын пайдалану шегін көтерді. Осы орайда Жамалов зейнетақы жинақтары әбден құнсызданбай тұрғандай халыққа ол ақшаны бірнеше мақсатта пайдалануға рұқсет беру керек деп санайды. Депутат бірнеше шараны ұсынды. Олар: кредит өтеуге рұқсат беру; емделуге жұмсау; коммуналдық қызметтерді төлеу; балаларды оқыту; Ал осы мақсаттарға берілген зейнетақы жинақтарының сомасы 30 проценттен аспауы керек. Қалғаны зейнетақыға қалуы шарт. Жамалов өзінің депутаттық сауалын премьер-министрге, ұлттық банк басшысына және аудиторлық палатаның төрағасына жолдады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948654_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_39f1ade463d405ae88ee7888f46cff21.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарыз, депутат, зейнетақы
қарыз, депутат, зейнетақы
Зейнетақы жинақтары құнсызданып барады - депутат дабыл қақты
15:46 14.12.2022 (жаңартылды: 11:40 11.08.2023) АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов зейнетақы жинақтарының күн өткен сайын құнсызданып жатқанына алаңдаушылық білдіріп, ол ақшаны инфляция "жеп қоймай" тұрғанда халықтың қарызын жабу үшін пайдалануды ұсынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін төменгі палатаның жалпы отырысында Жамалов президенттің ұлттық қорға қатысты сөзін еске алды. Бүгінде қордың ақшасына ұлттық банк жауапты. Бірақ оның жұмысы көңіл көншітпейді. Қордың қаржысы сан алуан активтерге салынса да, одан түсетін пайда көп емес. Ұлттық банк бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақшасын да басқарады. Ол жерде 14 трлн. теңге бар.
"2014 жылдан бері зейнетақы активтерінің табыстылығы 115,2% инфляциямен 119,5% болды дейді. Соны жетістік ретінде көрсетіп жатады. Бірақ 2014 жылдан бері доллардың бағамы теңгеге шаққанда 3 есеге өскенін ұмытау керек. Бір сөзбен айтқанда, ақшаны БЖЗҚ-ға емес, долларға салғанда екі есеге артық пайда көруге түсетін еді. Соңғы 12 айдың ішінде БЖЗҚ-ның табыстылығы 6 проценттен аспай отыр. Ал осы уақыттың ішінде азық-түлік инфляциясы 24 проценттен асты", - деді Жамалов.
Депутаттың айтуынша, бүгінде БЖЗҚ-ның ақшасы күн сайын құнсызданып барады. Ал қор басшылығы халықтың өз ақшасын пайдалануды барынша қысқартуға тырысып келеді. Зейнетақы жарналарын мерзімінен бұрын пайдалану шегін көтерді. Осы орайда Жамалов зейнетақы жинақтары әбден құнсызданбай тұрғандай халыққа ол ақшаны бірнеше мақсатта пайдалануға рұқсет беру керек деп санайды.
Депутат бірнеше шараны ұсынды. Олар: кредит өтеуге рұқсат беру; емделуге жұмсау; коммуналдық қызметтерді төлеу; балаларды оқыту; Ал осы мақсаттарға берілген зейнетақы жинақтарының сомасы 30 проценттен аспауы керек. Қалғаны зейнетақыға қалуы шарт. Жамалов өзінің депутаттық сауалын премьер-министрге, ұлттық банк басшысына және аудиторлық палатаның төрағасына жолдады.