https://sputnik.kz/20230214/turkiyaga-bargan-qutqarushylar-nagradaga-usynylady--toqaev-32082404.html
Түркияға барған құтқарушылар наградаға ұсынылады – Тоқаев
Түркияға барған құтқарушылар наградаға ұсынылады – Тоқаев
АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға барған құтқарушылардың мемлекеттік наградаға ұсынылатынын мәлімдеді, деп хабарлады Ақорда. 14.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-14T14:22+0600
2023-02-14T14:22+0600
2023-02-14T14:22+0600
түркия
жер сілкінісі
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/07e7/02/0e/32078336_0:40:1280:760_1920x0_80_0_0_731532df77b024030fda7975aeb8a843.jpg
АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға барған құтқарушылардың мемлекеттік наградаға ұсынылатынын мәлімдеді, деп хабарлады Ақорда.Бүгін мемлекет басшысы құтқарушыларды дайындайтын Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына барды. Курсанттардың алдында сөз сөйлеген Тоқаев Түркиядағы зілзаладан кейін құтқару шараларына қатысып жатқан қазақстандық мамандардың мемлекеттік наградаға ұсынылатынын айтты."Жақында Түркияда жойқын жер сілкінісі болғанын білесіздер. Менің тапсырмаммен бауырлас Түркия еліне құтқарушылар және дәрігерлер жіберілді. Олардың арасында Ақмола облысының мамандары да бар, яғни 18 адам. Біздің құтқарушылар бірнеше адамды аман алып шықты. Түркияда күндіз-түні жұмыс істеп жатқан азаматтарымызға алғыс айтамын! Түркиядан аман-есен оралған соң оларды міндетті түрде марапаттаймыз", - деді Тоқаев.Айта кетері, Түркияға алдымен бірінші эшелонмен 41 қазақстандық құтқарушы барды. Одан кейін тағы 60 маман зілзаладан кейінгі құтқару шараларына аттанды. Осы уақытқа дейін олар 7 тірі адамды тапты. Бұдан бөлек, қайтыс болған 80 адамның денесін алып шықты.
https://sputnik.kz/20230214/qutqarushylar-80-adamnyn-denesin-uyindi-astynan-shygardy--tzhm-32072361.html
түркия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/0e/32078336_107:0:1174:800_1920x0_80_0_0_baa4b53c708d013529dc195722be547a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
түркия, жер сілкінісі
Түркияға барған құтқарушылар наградаға ұсынылады – Тоқаев
АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға барған құтқарушылардың мемлекеттік наградаға ұсынылатынын мәлімдеді, деп хабарлады Ақорда.
Бүгін мемлекет басшысы құтқарушыларды дайындайтын Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына барды. Курсанттардың алдында сөз сөйлеген Тоқаев Түркиядағы зілзаладан кейін құтқару шараларына қатысып жатқан қазақстандық мамандардың мемлекеттік наградаға ұсынылатынын айтты.
"Жақында Түркияда жойқын жер сілкінісі болғанын білесіздер. Менің тапсырмаммен бауырлас Түркия еліне құтқарушылар және дәрігерлер жіберілді. Олардың арасында Ақмола облысының мамандары да бар, яғни 18 адам. Біздің құтқарушылар бірнеше адамды аман алып шықты. Түркияда күндіз-түні жұмыс істеп жатқан азаматтарымызға алғыс айтамын! Түркиядан аман-есен оралған соң оларды міндетті түрде марапаттаймыз", - деді Тоқаев.
Айта кетері, Түркияға алдымен бірінші эшелонмен 41 қазақстандық құтқарушы барды. Одан кейін тағы 60 маман зілзаладан кейінгі құтқару шараларына аттанды. Осы уақытқа дейін олар 7 тірі адамды тапты. Бұдан бөлек, қайтыс болған 80 адамның денесін алып шықты.