https://sputnik.kz/20230214/qutqarushylar-80-adamnyn-denesin-uyindi-astynan-shygardy--tzhm-32072361.html
Құтқарушылар 80 адамның денесін үйінді астынан шығарды – ТЖМ
Құтқарушылар 80 адамның денесін үйінді астынан шығарды – ТЖМ
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 14 ақпан – Sputnik. Түркияда іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіле бастаған күннен бастап Қазақстанның құтқарушылары 7 адамды құтқарды. Қайтыс болған 80... 14.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-14T10:34+0500
2023-02-14T10:34+0500
2023-02-14T10:34+0500
түркия
жер сілкінісі
https://sputnik.kz/img/07e7/02/09/31954178_0:220:1024:796_1920x0_80_0_0_dd017c7445fd58f898a22c6a89631808.jpg
АЛМАТЫ, 14 ақпан – Sputnik. Түркияда іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіле бастаған күннен бастап Қазақстанның құтқарушылары 7 адамды құтқарды. Қайтыс болған 80 адамның, оның ішінде 7 баланың денесін үйінді астынан шығарды, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.Іздеу-құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Құтқарушылардың басқа тобы алты қабатты ғимаратта іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл ғимарат та толығымен үйіндіге айналған, қайтыс болған 24 адамның денесі шығарылды.Қазақстан ТЖМ екінші эшелонмен барған құтқарушылар Түркияға келген сәттен бастап Нурдагы қаласында тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. 18 мың текше метрден астам үйіндінің астынан үш адамды тірі алып шықты. Қайтыс болған 11 адамның денесі шығарылды.Қазақстан ТЖМ апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері де зардап шеккендерге тәулік бойы алғашқы медициналық көмек көрсетіп жатыр. Тәулігіне орта есеппен 35-тен астам зардап шеккен адам медициналық көмекке жүгінеді. Олардың ішінде стресс алғандар, тыныс алу жолдарына шағымданған және әртүрлі жарақат алған науқастар көп.
түркия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/09/31954178_0:124:1024:892_1920x0_80_0_0_c5e444d817e19198e4ec9a7ac798775f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркия, жер сілкінісі
АЛМАТЫ, 14 ақпан – Sputnik. Түркияда іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіле бастаған күннен бастап Қазақстанның құтқарушылары 7 адамды құтқарды. Қайтыс болған 80 адамның, оның ішінде 7 баланың денесін үйінді астынан шығарды, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Іздеу-құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.
"Газиантеп қаласына бірінші эшелонмен барған құтқарушылар тәулік бойы екі ауысымда екі учаскеде жұмыс істеп жатыр. Құтқарушылар толығымен қирап кеткен тоғыз қабатты үйден адамдарды іздеп жатыр. Үйінді астынан 4 адам аман-есен құтқарылды, қайтыс болған 22 адамның денесі шығарылды", - делінген хабарламада.
Құтқарушылардың басқа тобы алты қабатты ғимаратта іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл ғимарат та толығымен үйіндіге айналған, қайтыс болған 24 адамның денесі шығарылды.
Қазақстан ТЖМ екінші эшелонмен барған құтқарушылар Түркияға келген сәттен бастап Нурдагы қаласында тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. 18 мың текше метрден астам үйіндінің астынан үш адамды тірі алып шықты. Қайтыс болған 11 адамның денесі шығарылды.
Қазақстан ТЖМ апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері де зардап шеккендерге тәулік бойы алғашқы медициналық көмек көрсетіп жатыр. Тәулігіне орта есеппен 35-тен астам зардап шеккен адам медициналық көмекке жүгінеді. Олардың ішінде стресс алғандар, тыныс алу жолдарына шағымданған және әртүрлі жарақат алған науқастар көп.