Түркия елшілігі зілзаладан зардап шеккендерге қандай заттар қажет екенін хабарлады

© Sputnik / Абзал КалиевҚазақстандағы Түркия елшілігі
Қазақстандағы Түркия елшілігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Түркияның Қазақстандағы елшілігі гуманитарлық көмекке қатысты маңызды ақпарат жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Осы уақытқа дейін Қазақстаннан Түркияға барлығы 75 тонна жүк жіберілді. Қазақстандықтар киім де, тамақ та апарды. Енді қажетті заттар ғана қабылданады.
"Логистикалық мүмкіндіктер мен ағымдағы қажеттіліктерге байланысты бұдан былай шатыр, генератор, көрпе, жылытқыш пен көрпе қаптардан басқа көмек қабылданбайтынын хабарлаймыз. Түсіністік пен көмегіңіз үшін рахмет", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, бұған дейін Тоқаев 1 миллион доллар бөлуді тапсырған. Бұдан бөлек, қазақстандықтардың өздері ақша жинап, көмек жіберіп отырды. Түркия елшілігінің мәліметіне сәйкес, үш күннің ішінде бір миллион доллардан астам қаржы жиналды. Ал жалпы сомасы 2,8 миллионға жетті. Барлық ақша AFAD қорына аударылды.
Сондай-ақ, Қазақстанның барлық өңірінде Түркияға гуманитарлық көмек қабылдау пунктері ашылды. 13 ақпандағы жағдай бойынша барлығы 150 тонна жүк жиналды. 13 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанда 150 тонна гуманитарлық көмек жиналды.
Түркиядағы жер сілкінісінің салдары - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.02.2023
Өңірлер
Түркияға көмек: Қазақстан қалаларында қанша тонна жүк жиналды
Жаңалықтар
0