Өңірлер

Түркияға көмек: Қазақстан қалаларында қанша тонна жүк жиналды

© BULENT KILICТүркиядағы жер сілкінісінің салдары
Түркиядағы жер сілкінісінің салдары - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі республика бойынша Түркияға жиналып жатқан гуманитарлық көмектің көлемін есептеп шығарды.
Қазіргі кезде барлық өңірде қажетті заттарды қабылдау және сұрыптау пунктері ұйымдастырылды. Белсенді азаматтар мен еріктілер көмектің есебін жүргізіп, жиналған заттарды орайды. Осыдан кейін гуманитарлық көмек автокөлікпен Түркия Республикасының елшіліктері мен консулдықтарына жеткізіледі.
13 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанда 150 тонна гуманитарлық көмек жиналды.
Алматы қаласы - 4 тонна;
Алматы облысы - 68 тонна;
Түркістан облысы - 25 тонна;
Шымкент - 50 тонна;
Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ұлытау облыстары – 3 тонна.
Осы уақытқа дейін Түркістан облысы және Шымкент қаласы жинаған гуманитарлық көмектің 75 тоннасы Түркияға жіберілді.
Сондай-ақ, 32 миллион теңге теңге жиналып, тікелей AFAD қорына аударылды.
Жамбыл облысында еріктілер 17 фура көмек жинап, Алматы консулдығына жіберуді жоспарлап отыр. Ұлттық волонтерлер желісі мен Қазақстандағы Қызыл Жарты Ай қоғамы да біраз жұмыс атқарып келеді.
Айта кетері, бұған дейін Астанадан 4 тонна гуманитарлық көмек жіберілген болатын. Ал Ақтөбе қаласының тұрғындары 11 тонна көмек жинап, беріп жіберген.
Түркияда тағы бір қазақстандықтың денесі табылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.02.2023
Түркияда тағы бір қазақстандықтың денесі табылды
Жаңалықтар
0