https://sputnik.kz/20230214/petropavlda-mektepke-baltamen-kelgen-balany-oqushylar-men-mugalimder-ustagan-32069385.html
Петропавлда мектепке балтамен келген баланы оқушылар мен мұғалімдер ұстаған
Петропавлда мектепке балтамен келген баланы оқушылар мен мұғалімдер ұстаған
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. ІІМ бірінші орынбасары Марат Қожаев Петропавл мектебіндегі болған жағдайдың мән-жайын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан... 14.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-14T09:23+0500
2023-02-14T09:23+0500
2023-02-14T09:24+0500
петропавл
мектеп
https://sputnik.kz/img/07e7/02/0d/32025932_0:484:719:888_1920x0_80_0_0_28e24fbb5a0f8a7f629b80f25d0a4a6c.jpg
АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. ІІМ бірінші орынбасары Марат Қожаев Петропавл мектебіндегі болған жағдайдың мән-жайын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оның айтуынша, 13 ақпанда сағат 07:52-де Петропавл қаласының полиция басқармасына 4-орта мектептің оқушыларына дене жарақатын келтіру туралы хабарлама түскен."Оқиға болған орынға жылдам жедел-тергеу тобы шығып, тексеру барысында сағат 07:40-та рюкзагында асханалық балта, пышақ және қолдан жасалған маска болған 9-сынып оқушысы анықталды. Ол сағат 07:50-де 2-ші қабатта орналасқан әжетханада маскасын киіп, балтамен дәлізге жүгіріп, 10-шы сынып оқушысының басынан 2 рет ұрып, одан кейін 10-шы сыныпта оқитын қыздың иығына бір рет және басына екі рет ұрған және 9-шы сынып оқушысының басынан бір рет ұрған. Шабуыл жасаған оқушыны жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдер ұстаған", - деді Марат Қожаев үкімет отырысында.Екі жәбірленуші қалалық емхананың стационарында жатыр, жағдайы бірқалыпты. Бір оқушы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне қайтарылды.Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі (адам өлтіруге оқталу) бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Заңды өкілі анасы болып анықталды.
https://sputnik.kz/20230213/petropavlda-oqushynyn-basyn-baltamen-zhardy-zardap-shekkender-32042962.html
петропавл
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/0d/32025932_0:463:719:1002_1920x0_80_0_0_9181aa1586fd17d5337813b43f0ef61f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
петропавл, мектеп
Петропавлда мектепке балтамен келген баланы оқушылар мен мұғалімдер ұстаған
09:23 14.02.2023 (жаңартылды: 09:24 14.02.2023) АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. ІІМ бірінші орынбасары Марат Қожаев Петропавл мектебіндегі болған жағдайдың мән-жайын айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, 13 ақпанда сағат 07:52-де Петропавл қаласының полиция басқармасына 4-орта мектептің оқушыларына дене жарақатын келтіру туралы хабарлама түскен.
"Оқиға болған орынға жылдам жедел-тергеу тобы шығып, тексеру барысында сағат 07:40-та рюкзагында асханалық балта, пышақ және қолдан жасалған маска болған 9-сынып оқушысы анықталды. Ол сағат 07:50-де 2-ші қабатта орналасқан әжетханада маскасын киіп, балтамен дәлізге жүгіріп, 10-шы сынып оқушысының басынан 2 рет ұрып, одан кейін 10-шы сыныпта оқитын қыздың иығына бір рет және басына екі рет ұрған және 9-шы сынып оқушысының басынан бір рет ұрған. Шабуыл жасаған оқушыны жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдер ұстаған", - деді Марат Қожаев үкімет отырысында.
Екі жәбірленуші қалалық емхананың стационарында жатыр, жағдайы бірқалыпты. Бір оқушы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне қайтарылды.
Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі (адам өлтіруге оқталу) бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Заңды өкілі анасы болып анықталды.