https://sputnik.kz/20230213/petropavlda-oqushynyn-basyn-baltamen-zhardy-zardap-shekkender-32042962.html
Петропавлда балаларға балта ала жүгірген оқушы психиатрдың есебінде болған
Петропавлда балаларға балта ала жүгірген оқушы психиатрдың есебінде болған
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Петропавл қаласындағы №4 орта мектептің оқу ісі меңгерушісі Алмагүл Қасымова балаларға балта алып жүгірген оқушы туралы айтты. 13.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-13T16:12+0500
2023-02-13T16:12+0500
2023-02-13T16:12+0500
оқиға
петропавл
оқушы
балта
https://sputnik.kz/img/07e7/02/0d/32027863_0:96:1024:672_1920x0_80_0_0_b35f1cf3e8327be8347a8a28cfd93cb9.jpg
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Петропавл қаласындағы №4 орта мектептің оқу ісі меңгерушісі Алмагүл Қасымова балаларға балта алып жүгірген оқушы туралы айтты. Оның айтуынша, жасөспірім жалпыға бірдей білім беру бағдарламасы бойынша оқып жүрген. Инклюзивті оқыту болған жоқ. "Бүгін таңертең балаларды мектепке қабылдағанда тыныш жүрді. Мектепке кірді, бәрі дұрыс болған. Сосын екінші қабаттағы дәретханаға көтеріліп, бетіне маска киіп алды да, дәлізге шықты. Сол кезде балалар бірінші сабаққа кіруге дайындалып жатқан. Ол алдымен ұл балаға (өзімен бірге оқып жүрген сыныптасына), одан кейін 9-сыныпта оқитын қызға жарақат салды. Мен келгенде үндемей қабырғаға сүйеніп тұрды", - деп атап көрсетті оқу ісінің меңгерушісі. Оқушы көп көзге түспейтін, ылғи үндемей жүреді. Жағымсыз қылықтары да болмады, сабақты мүмкіндігінше оқыды. "Біз балаларды сырттай қарап кіргіземіз, көңіл-күйіне қараймыз. Кіреберіс есікті де бақылаймыз. Бөтен адам кірмеуі керек. Бөгде адам болған жоқ. Ол бала бізде оқиды. Мектепте турникет пен металл іздегіш құралдар жоқ. Бейнекамералар орнатылған. Барлығы полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылған", - дейді Касымова. Ал зардап шеккен бір баланың анасына мектептен қоңырау шалып, төтенше жағдайдың болғанын айтқан. "Хабар 24" арнасына зардап шеккен тағы бір бала оқиғаның мән-жайын айтып берді. "Мен дәретханаға кіремін деп тұрғанмын. Есікті ашып қалып едім, балтамен ұра бастады. Үстінде мектеп формасы, бетінде маска, ал қолында балта. Пышағы да болды. Менен кейін бір жігіт пен қызға жарақат салды", - дейді Владислав. Қала прокуроры Арман Нұртазиннің айтуынша, жасөспірім ұсталды. Қазіргі кезде полицияда отыр. "Ол бала психиатрдың есебінде тұрған, облыстық психикалық денсаулық орталығына бірнеше рет қаралған. Алматыға да барды. Сотқа дейінгі тергеу барысында барлық мән-жайлар анықталады", - деп атап көрсетті Нұртазин. Қазіргі кезде арнайы комиссия құрылды. Мамандар жан-жақты тексеріс өткізеді. Соның нәтижесінде шешім қабылданады.
https://sputnik.kz/20230213/petropavlda-zhasospirim-zharaqattagan-eki-oqushy-zhansaqtau-bolimine-tusti-32035614.html
петропавл
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/0d/32027863_0:0:1024:768_1920x0_80_0_0_1b43c689e7f6bf5f85b3648edd8d10f6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
петропавл, оқушы, балта
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Петропавл қаласындағы №4 орта мектептің оқу ісі меңгерушісі Алмагүл Қасымова балаларға балта алып жүгірген оқушы туралы айтты.
"Бүгін оқушыларға дене жарақатын салған бала 9-сынып оқушысы, біздің мектебімізде бұрыннан бері оқиды. 1 қыркүйекте жаңа оқу жылы басталғанда денсаулығына байланысты сабаққа қатысқан жоқ. Мектепке тек 28 қарашада келді", - Қасымова журналистерге берген сұхбатында.
Оның айтуынша, жасөспірім жалпыға бірдей білім беру бағдарламасы бойынша оқып жүрген. Инклюзивті оқыту болған жоқ.
"Бүгін таңертең балаларды мектепке қабылдағанда тыныш жүрді. Мектепке кірді, бәрі дұрыс болған. Сосын екінші қабаттағы дәретханаға көтеріліп, бетіне маска киіп алды да, дәлізге шықты. Сол кезде балалар бірінші сабаққа кіруге дайындалып жатқан. Ол алдымен ұл балаға (өзімен бірге оқып жүрген сыныптасына), одан кейін 9-сыныпта оқитын қызға жарақат салды. Мен келгенде үндемей қабырғаға сүйеніп тұрды", - деп атап көрсетті оқу ісінің меңгерушісі.
Оқушы көп көзге түспейтін, ылғи үндемей жүреді. Жағымсыз қылықтары да болмады, сабақты мүмкіндігінше оқыды.
"Біз балаларды сырттай қарап кіргіземіз, көңіл-күйіне қараймыз. Кіреберіс есікті де бақылаймыз. Бөтен адам кірмеуі керек. Бөгде адам болған жоқ. Ол бала бізде оқиды. Мектепте турникет пен металл іздегіш құралдар жоқ. Бейнекамералар орнатылған. Барлығы полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылған", - дейді Касымова.
Ал зардап шеккен бір баланың анасына мектептен қоңырау шалып, төтенше жағдайдың болғанын айтқан.
"Маған телефон соғып, мектепте төтенше жағдай болды, сіздің балаңызды балтамен бастан ұрды деді. Алаңдамыз, бәрі дұрыс, баланы жедел жәрдем алып кетті деді. Балам операцияда, оны әлі көрген жоқпын", - дейді қала тұрғыны.
"Хабар 24" арнасына зардап шеккен тағы бір бала оқиғаның мән-жайын айтып берді.
"Мен дәретханаға кіремін деп тұрғанмын. Есікті ашып қалып едім, балтамен ұра бастады. Үстінде мектеп формасы, бетінде маска, ал қолында балта. Пышағы да болды. Менен кейін бір жігіт пен қызға жарақат салды", - дейді Владислав.
Қала прокуроры Арман Нұртазиннің айтуынша, жасөспірім ұсталды. Қазіргі кезде полицияда отыр.
"Ол бала психиатрдың есебінде тұрған, облыстық психикалық денсаулық орталығына бірнеше рет қаралған. Алматыға да барды. Сотқа дейінгі тергеу барысында барлық мән-жайлар анықталады", - деп атап көрсетті Нұртазин.
Қазіргі кезде арнайы комиссия құрылды. Мамандар жан-жақты тексеріс өткізеді. Соның нәтижесінде шешім қабылданады.