Орталық сайлау комиссиясы ЖСДП-ның партиялық тізімін тіркеді

© Sputnik / Абзал КалиевЗдание Центральной избирательной комиссии Казахстана
Здание Центральной избирательной комиссии Казахстана  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы Жалпыұлттық-социал демократиялық партиясының мәжіліс сайлауына ұсынған партиялық тізімін тіркеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
ОСК мүшесі Анастасия Щегорцованың айтуынша, ЖСДП-ның партиялық тізіміне 19 адам енген. Олардың 6-уы – әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар.
"Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының партиялық тізіміне енгізілген барлық адам Конституция және "Сайлау туралы" Конституциялық заңның талаптарына сай келеді", - деді Щегорцова орталық сайлау комиссиясының отырысында.
Ол ЖСДП алдыңғы парламент сайлауына қатыспағанын атап өтті. Сондықтан заңнамаға сәйкес, партия тізімін тіркеу үшін ОСК шотына сайлау жарнасын енгізуге тиіс. Жарна сомасы партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін ең төменгі жалақының 15 еселенген мөлшері – 1 050 000 теңгені құрайды.
"Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы сайлау жарнасын толық көлемде төледі", - деді ОСК мүшесі.
Осылайша Орталық сайлау комиссиясы ЖСДП-ның мәжіліс сайлауына ұсынған кандидаттар тізімін бекітті.
Бұған дейін Қазақстан халық партиясының партиялық тізімі бекітілген болатын.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2023
Саясат
Мәжіліс сайлауы: Қазақстан халық партиясы ұсынған кандидаттар тізімі тіркелді
Жаңалықтар
0