Саясат

Мәжіліс сайлауы: Қазақстан халық партиясы ұсынған кандидаттар тізімі тіркелді

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 11 ақпан – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан халық партиясының мәжіліс депутаттығына ұсынған кандидаттарының партиялық тізімін тіркеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
ОСК мүшесі Шавхат Өтемісовтің айтуынша, Қазақстан халық партиясы 52 адамнан тұратын партиялық тізім ұсынды. Бұл тізімге кандидаттардың жалпы санының 32,7 пайызын құрайтын әйелдер, жастар және мүгедектігі бар 17 адам енгізілген.
"Орталық сайлау комиссиясы өкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, мәжіліс депутаты болып сайлану үшін партиялық тізімге енгізілген адамдардың Конституция мен "Сайлау туралы" конституциялық заңның талаптарына сәйкестігіне тексеріс жүргізді. Партиялық тізімге енгізілген барлық адам Конституцияның және "Сайлау туралы" конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді", - деді Өтемісов.
Ол партиялық тізім ұсынған саяси партиялар әр кандидат үшін заңнамада белгіленген ең төменгі жалақының 15 еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын төлейтінін еске салды.
Алайда парламент мәжілісі депутаттарының алдығы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 5 және одан да көп пайыз даусын жинаған саяси партиялар сайлау жарнасын төлемейді. Осылайша Қазақстан халық партиясы сайлау жарнасын төлеуден босатылды.
"2021 жылы қаңтарда өткен мәжіліс депутаттары сайлауында Қазақстан халық партиясы сайлаушылар даусының 9,1%-ін алған. Осыған байланысты Қазақстан халық партиясы сайлау жарнасын төлеуден босатылды", - деді ОСК мүшесі.
Мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 19 наурызда өтеді.
Жаңалықтар
0