https://sputnik.kz/20230213/mazhilis-saylauy-aq-zhol-partiyasy-kandidattar-tizimi-32038070.html
Мәжіліс сайлауы: "Ақ жол" партиясының кандидаттар тізімі тіркелді
Мәжіліс сайлауы: "Ақ жол" партиясының кандидаттар тізімі тіркелді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы "Ақ жол" партиясының 19 наурызда өтетін мәжіліс сайлауына ұсынған партиялық тізімін тіркеді, деп... 13.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-13T14:48+0500
2023-02-13T14:48+0500
2023-02-13T14:49+0500
саясат
мәжіліс сайлауы
партия
https://sputnik.kz/img/980/52/9805227_9:0:1933:1082_1920x0_80_0_0_6f7cdc35c64edfc6ea348cb4221b4004.jpg
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы "Ақ жол" партиясының 19 наурызда өтетін мәжіліс сайлауына ұсынған партиялық тізімін тіркеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұловтың айтуынша, Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауына партиялық тізім бойынша 54 кандидатты ұсынған. Олардың 18-і – әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар. Бұл үміткерлердің жалпы санының – 33,3 проценті.Заңға сәйкес, алдыңғы мәжіліс сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 5 және одан көп процент даусын алған саяси партиялар сайлау жарнасын төлемейді."2021 жылғы қаңтарда өткен парламент мәжілісі сайлауында "Ақ жол" партиясы 10,95% дауыс жинады. Осыған байланысты партия сайлау жарнасын төлеуден босатылады", - деп түсіндірді ОСК мүшесі.Бұған дейін ОСК Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы мен Қазақстан халық партиясының партиялық тізімдерін тіркеген болатын. ЖСДП-ның партиялық тізіміне 19 адам енсе, ҚХП 52 адамнан тұратын партиялық тізім ұсынған.Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына ұсынылған кандидаттарды тіркеу 18 ақпанға дейін жалғасады.Сайлау 19 наурыз күні өтеді.
https://sputnik.kz/20230213/ortalyq-saylau-komissiyasy-zhsdp-nyn-partiyalyq-tizimin-tirkedi-32023390.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/980/52/9805227_249:0:1692:1082_1920x0_80_0_0_a1218b21748c2d56a2986ec34fc37b3c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мәжіліс сайлауы , партия
Мәжіліс сайлауы: "Ақ жол" партиясының кандидаттар тізімі тіркелді
14:48 13.02.2023 (жаңартылды: 14:49 13.02.2023) АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы "Ақ жол" партиясының 19 наурызда өтетін мәжіліс сайлауына ұсынған партиялық тізімін тіркеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұловтың айтуынша, Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауына партиялық тізім бойынша 54 кандидатты ұсынған. Олардың 18-і – әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар. Бұл үміткерлердің жалпы санының – 33,3 проценті.
"Партиялық тізімге енгізілген барлық кандидат Конституция және "Сайлау туралы" конституциялық заңның талаптарына сай келеді", - деді Смағұлов Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында.
Заңға сәйкес, алдыңғы мәжіліс сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 5 және одан көп процент даусын алған саяси партиялар сайлау жарнасын төлемейді.
"2021 жылғы қаңтарда өткен парламент мәжілісі сайлауында "Ақ жол" партиясы 10,95% дауыс жинады. Осыған байланысты партия сайлау жарнасын төлеуден босатылады", - деп түсіндірді ОСК мүшесі.
Бұған дейін ОСК Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы мен Қазақстан халық партиясының партиялық тізімдерін тіркеген болатын. ЖСДП-ның партиялық тізіміне 19 адам енсе, ҚХП 52 адамнан тұратын партиялық тізім ұсынған.
Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына ұсынылған кандидаттарды тіркеу 18 ақпанға дейін жалғасады.
Сайлау 19 наурыз күні өтеді.