https://sputnik.kz/20230210/ystanbul-qazaqtar-zardap-shekkender-gumanitarlyq-komek-31965600.html
Ыстанбұлдағы қазақтар зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жөнелтіп жатыр
Ыстанбұлдағы қазақтар зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жөнелтіп жатыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Ыстанбұлда тұратын қазақтар жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек жолдап жатыр, деп хабарлайды Қазақстан СІМ баспасөз қызметі. 10.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-10T09:46+0500
2023-02-10T09:46+0500
2023-02-10T09:46+0500
әлем
стамбул
гуманитарлық көмек
https://sputnik.kz/img/07e7/02/08/31878140_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_aa27a5ef56398e1b1cdbed89c4ee6db2.jpg
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Ыстанбұлда тұратын қазақтар жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек жолдап жатыр, деп хабарлайды Қазақстан СІМ баспасөз қызметі.Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығы, еліміздің белсенді азаматтары, студенттер және жергілікті қазақ диаспорасы Түркияның алапат зілзала салдарынан зардап шеккен аймақтарына гуманитарлық көмек жолдау бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр."Осы уақытқа дейін сомасы шамамен 160 мың долларды құрайтын көмек жиналып, жөнелтілді. Атап айтқанда, балалар тағамы, балалар киімдері, жөргектер, азық-түлік, жылы киімдер, көрпелер және тағы басқа қажетті өнімдер жолдануда", - делінген хабарламада.Гуманитарлық көмек түрік билік органдарының келісімімен жасалуда.Бас консул Әлім Байел бүкіл Қазақстан жұмылып бауырлас Түркияға қолдау көрсетіп жатқан сәтте бұл көмекке өз үлесін қосып жатқан Ыстанбұлдағы қазақтарға алғыс айтты.Бұған дейін Қазақстан Түркияға көмек ретінде 1 млн доллар бөлді. Бұдан бөлек, қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер Түркияның жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарына аттанды. Қазір олар түрік әріптестерімен бірге іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.
https://sputnik.kz/20230210/qazaqstandyq-qutqarushylar-turkiya-ush-adam-uyindi-shygardy-31960458.html
стамбул
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/08/31878140_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_dfd864487b7c2a76b7ed8709211797f2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
стамбул, гуманитарлық көмек
стамбул, гуманитарлық көмек
Ыстанбұлдағы қазақтар зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жөнелтіп жатыр
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Ыстанбұлда тұратын қазақтар жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек жолдап жатыр, деп хабарлайды Қазақстан СІМ баспасөз қызметі.
Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығы, еліміздің белсенді азаматтары, студенттер және жергілікті қазақ диаспорасы Түркияның алапат зілзала салдарынан зардап шеккен аймақтарына гуманитарлық көмек жолдау бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр.
"Осы уақытқа дейін сомасы шамамен 160 мың долларды құрайтын көмек жиналып, жөнелтілді. Атап айтқанда, балалар тағамы, балалар киімдері, жөргектер, азық-түлік, жылы киімдер, көрпелер және тағы басқа қажетті өнімдер жолдануда", - делінген хабарламада.
Гуманитарлық көмек түрік билік органдарының келісімімен жасалуда.
Бас консул Әлім Байел бүкіл Қазақстан жұмылып бауырлас Түркияға қолдау көрсетіп жатқан сәтте бұл көмекке өз үлесін қосып жатқан Ыстанбұлдағы қазақтарға алғыс айтты.
Бұған дейін Қазақстан Түркияға көмек ретінде 1 млн доллар бөлді. Бұдан бөлек, қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер Түркияның жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарына аттанды. Қазір олар түрік әріптестерімен бірге іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.