Қоғам

Қазақстандық құтқарушылар Түркияда үш адамды үйінді астынан шығарды

© Photo : Пресс-служба МЧС Казахстана Қазақстандық құтқарушылар Түркияда жұмыс істеп жатыр
Қазақстандық құтқарушылар Түркияда жұмыс істеп жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Түркияның Нурдагы қаласында үйінді астынан үш адамды алып шықты.
Екінші эшелон үшін іздеу орны Газиантептен 69 шақырым жердегі Нурдагы қаласындағы толығымен қираған ғимарат бекітілді.
Бұл нысанда қазақстандық құтқарушылар адамдардың орналасқан жері мен жай-күйін анықтау, үйінді астында зардап шеккендермен аудио байланыс орнату, қажетті көмектің көлемі мен сипатын анықтау бойынша жұмыстар жүргізді.
"Қазақстандық құтқарушылар үлкен тереңдіктегі үйінділердің астынан зардап шеккендерді эвакуациялау үшін жол ашу жұмыстарын орындап, оларды блоктан шығару бойынша шаралар қабылдады. Нәтижесінде бүгін түнде көлемі 18 мың текше метрден астам үйіндінің астынан үш тірі адамды – ер адам және екі әйелді шығаруға мүмкіндік туды", - деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Зардап шеккен адамдар дереу медициналық қызметтерге тапсырылды.
Айта кетері, Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Түркияға келген сәттен бастап тәулік бойы құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Соңғы деректер бойынша Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 17 674 адамға жетті. 73 мыңға жуығы жапа шекті.
Зілзаладан зардап шеккен Сирияның Жандарис қаласы - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2023
Қазақстан Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жібереді
Жаңалықтар
0