Оқиға

Қазақстанда Катон-Қарағай жақта жер сілкінісі болды

© Sputnik / Владислав ВодневСейсмологи
Сейсмологи - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2023
Жазылу
Бұл қазақстандық сейсмологтар бір тәулік ішінде тіркеген үшінші жер сілкінісі
АСТАНА, 10 ақпан - Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігінің "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС сейсмикалық стансалар желісі Астана уақыты бойынша 18.35-те (ГВТ 12.35-те) жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 928 шақырым жерде Қазақстан мен Ресей шекарасында орналасқан, деп атап өтті сейсмологтар.
Экспедиция сайтындағы картада жер сілкінісінің Шығыс Қазақстан облысындағы Катон-Қарағай маңында болғаны көрсетілген.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.8. MPV магнитудасы - 4,4. Тереңдігі - 10 шақырым.
Бұл қазақстандық сейсмологтар бір тәулік ішінде тіркеген үшінші жер сілкінісі. Алғашқы екеуі Қырғызстанда Астана уақытымен 11:24 және 14:44-те болды. Екінші жер сілкінісінің ошағы Алматыдан 113 шақырым жерде орналасқан.
Түркияның Кахраманмараш қаласы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2023
Түркияда туғанына 20 күн болған нәресте үйінді астынан тірі табылды
Жаңалықтар
0