Түркияда туғанына 20 күн болған нәресте үйінді астынан тірі табылды

© AP Photo / Ismsail Coskun/IHAТүркияның Кахраманмараш қаласы
Түркияның Кахраманмараш қаласы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Түркияның Кахраманмараш қаласында қираған үйдің астынан туғанына 20 күн болған нәресте табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында тараған мәліметке сәйкес, сәбидің аты – Керем Агырташ. Ол Хатай провинциясында болған жер сілкінісінен кейін қираған үйдің астында 60 сағат жатқан. Кішкентай Керемнің денсаулығы жақсы. Оны тапқанда қолына шаштың бұрымы байланып жатқан.
Дәл осы провинцияға кіретін Самандаг қаласында туғанына 10 күн болған сәби тірі табылды. Ягыз Улаш үйінділердің астында 90 сағат жатқан.
Айта кетері, Хатай провинциясында жер сілкінісі қатты болды. Ол жерде үш Қазақстан азаматы жоғалды. Сабина есімді қыз тірі табылды. Ал Әділ Қадырбеков пен Мейірболат Құрмашев қаза тапты.
Сабина Мамадиярова - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2023
Түркияда жер сілкінісінен кейін жоғалған Қазақстан азаматы үйінді астынан табылды
Жаңалықтар
0