Елена Рыбакина Әбу-Дабидегі турнирдің ширек финалына шықты

© Photo : Федерация тенниса КазахстанаЕлена Рыбакина
Елена Рыбакина - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2023
Жазылу
Жарыстың жартылай финалына шығу үшін Қазақстанның бірінші ракеткасы бразилиялық Беатрис Хаддад-Майямен кездеседі
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Уимблдон-2022 чемпионы, әлемнің 10-шы ракеткасы қазақстандық Елена Рыбакина Әбу-Дабидегі (БАӘ) WTA-500 санатындағы турнирді сәтті бастады.
Екінші айналымдағы матчта Елена әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы чех Каролина Плишкованы 6:4, 6:2 есебімен ұтты. Кездесу 1 сағат 10 минутқа созылды.
Жарыстың жартылай финалына шығу үшін Қазақстанның бірінші ракеткасы бразилиялық Беатрис Хаддад-Майямен кездеседі.
Әбу-Дабидегі турнирдің жалпы жүлде қоры – 780 637 доллар.
Елена Рыбакина   - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.01.2023
Елена Рыбакина Australian Open турнирінің финалында ұтылды
Жаңалықтар
0