https://sputnik.kz/20230128/elena-rybakina-australian-open-turnirinin-finalynda-utyldy-31549857.html
Елена Рыбакина Australian Open турнирінің финалында ұтылды
Елена Рыбакина Australian Open турнирінің финалында ұтылды
АЛМАТЫ, 28 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open турнирінің финалында беларусь Арина Соболенкоға есе жіберді, деп хабарлайды... 28.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-28T17:56+0600
2023-01-28T17:56+0600
2023-01-28T17:56+0600
теннис
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/07e7/01/1a/31484756_0:458:2049:1610_1920x0_80_0_0_9ca9285667928470253988a7a9b5a269.jpg
АЛМАТЫ, 28 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open турнирінің финалында беларусь Арина Соболенкоға есе жіберді, деп хабарлайды спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.Теннистен ұлттық құрама көшбасшысы Елена Рыбакина WTA рейтингінде 5-орында тұрған Арина Соболенкодан жеңіліп қалды. Беларусь спортшысы Мельбурнде алғаш рет Үлкен дулыға санатындағы турнирде топ жарды. Есеп: 6:4, 3:6, 4:6."Род Лейвер Аренада" өткен матч 2 сағат 28 минутқа созылды. Арина финалға дейін қарсыласына бірде-бір сетте жеңілмеген-тұғын. Ал Елена ақтық кездесуге дейін тек америкалық Даниэль Коллинзден бір партияда ұтылып қалған.Екі теннисші де оңқай және жасы да, бойы да шамалас. Бүгін Елена Аустралия ашық чемпионатында алғаш рет кешкі сессияда кортқа шықты. Осыған дейін ол тек күндіз өнер көрсетті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/1a/31484756_0:266:2049:1802_1920x0_80_0_0_5f5ae289d8eefa30985158d85b4ec41e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
теннис
Елена Рыбакина Australian Open турнирінің финалында ұтылды
АЛМАТЫ, 28 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open турнирінің финалында беларусь Арина Соболенкоға есе жіберді, деп хабарлайды спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Теннистен ұлттық құрама көшбасшысы Елена Рыбакина WTA рейтингінде 5-орында тұрған Арина Соболенкодан жеңіліп қалды. Беларусь спортшысы Мельбурнде алғаш рет Үлкен дулыға санатындағы турнирде топ жарды. Есеп: 6:4, 3:6, 4:6.
"Род Лейвер Аренада" өткен матч 2 сағат 28 минутқа созылды. Арина финалға дейін қарсыласына бірде-бір сетте жеңілмеген-тұғын. Ал Елена ақтық кездесуге дейін тек америкалық Даниэль Коллинзден бір партияда ұтылып қалған.
Екі теннисші де оңқай және жасы да, бойы да шамалас. Бүгін Елена Аустралия ашық чемпионатында алғаш рет кешкі сессияда кортқа шықты. Осыған дейін ол тек күндіз өнер көрсетті.