Жоғалып кеткен қазақстандықтарды үйінді астынан іздеу жұмыстары басталды

© AP Photo / IHA Түркияның Хатай қаласындағы жер сілкінісінің зардабы
Түркияның Хатай қаласындағы жер сілкінісінің зардабы - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Түркияда үйінді астынан қазақстандықтарды іздеу жұмыстары басталды. Бұл туралы жоғалғандардың туыстары мен достары хабарлады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша із-түзсіз жоғалған Қазақстан азаматтарын іздеу үшін бүгін таңертең Түркияның Хатай қаласына қазақстандық құтқарушылар тобы мен кинологтар есептобы барды.
"Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық құтқарушылардың жұмысына оң баға беріп, оларға сәттілік тіледі", - деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің баяндамасын тыңдады.
Министр президентке Түркияның жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарында қазақстандық құтқарушылардың жүргізіп жатқан іздестіру-құтқару жұмыстары туралы баяндады.
Сирияның Алеппо қаласы - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2023
Тоқаев Сирияға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды
Жаңалықтар
0