Тоқаев Сирияға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды

© AP Photo / Omar SanadikiСирияның Алеппо қаласы
Сирияның Алеппо қаласы - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің есебін тыңдады, деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.
Министр президентке Түркияның жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарында қазақстандық құтқарушылардың жүргізіп жатқан іздестіру-құтқару жұмыстары туралы баяндады.
Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері қиын жағдайларға қарамастан, жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыса отырып, жоғары кәсібилік танытып, өз міндеттерін нәтижелі атқарып жатыр. Әзірге аман қалған 4 адам құтқарылды.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен құтқарушылар мен кинологтар тобы хабарсыз кеткен Қазақстан азаматтарын іздеу үшін бүгін таңертең Хатай қаласына келді.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық құтқарушылардың жұмысына оң баға беріп, оларға сәттілік тіледі.
Сонымен қатар президент үкіметке Ислам ынтымақтастық ұйымы арқылы Сирияға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды.
Жаңалықтар
0