Қазақстаннан Қытайға жүк тасымалдау көлемі 134%-ке өсті

© Photo : КТЖАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы өткен жылы 10 млн тонна астық тасымалдады. Оның ішінде 8 млн тонна экспортқа жөнелтілді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 18%-ке артық, деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.
Қазақстан астығын өткізетін негізгі нарық Орталық Азия елдері екені белгілі, бұл бағыттағы экспорт 11%-ке өсіп, 5,6 млн тоннаны құрады.
"Қытайға жеткізілім көлемі айтарлықтай 134%-ке өсіп, 600 мың тоннаға жетті. Бұған контейнерлік тасымалдың дамуы себеп болды", - деп түсіндірді Қазақстан темір жолы.
Тарттырылған өнімдерді тасымалдауда да оң қарқын байқалды. 2022 жылы ұн тасымалдаудың жалпы көлемі 3,1 млн тоннаны құрады, оның ішінде экспортқа 2,3 млн тоннасы шығарылды. Бұл 2021-ге қарағанда 53%-ке көп. Негізгі көлемі Орталық Азияға - 2 млн тонна (2021 жылға қарағанда + 41%) және 300 мың тоннасы Қытайға жөнелтілді.
Сонымен қатар жүктердің басқа түрлерін, ең алдымен кенді және көмірді тасымалдау айтарлықтай өсті, оларды жеткізу ауқымы да кеңіді. Бұл теміржол инфрақұрылымына жүктеменің күрт өсуіне әкелді.
Компания бүгінгі таңда локомотив паркін кеңейту және жаңарту мәселесі жоспарлы түрде шешіліп жатқанын хабарлады. Бес жыл ішінде 306 локомотив сатып алу жоспарлануда, оның ішінде биыл 109 локомотив сатып алынады.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.01.2023
Қытаймен шекарадағы "Нұр Жолы" өткізу бекетінде электронды кезек енгізілді
Жаңалықтар
0