https://sputnik.kz/20230128/qytaymen-shekaradagy-nur-zholy-otkizu-beketinde-elektrondy-kezek-engizildi-31547253.html
Қытаймен шекарадағы "Нұр Жолы" өткізу бекетінде электронды кезек енгізілді
Қытаймен шекарадағы "Нұр Жолы" өткізу бекетінде электронды кезек енгізілді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Қытаймен шекарадағы "Нұр Жолы" өткізу бекетінде жүк көлік құралдарының өтуін ыңғайлы ету мақсатында электронды кезек енгізілді... 28.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-28T19:05+0500
2023-01-28T19:05+0500
2023-01-28T19:05+0500
қытай
шекара
https://sputnik.kz/img/1416/23/14162319_0:159:3076:1889_1920x0_80_0_0_c153613e3cdb1d98fe63946c7d233ee1.jpg
АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Қытаймен шекарадағы "Нұр Жолы" өткізу бекетінде жүк көлік құралдарының өтуін ыңғайлы ету мақсатында электронды кезек енгізілді, деп хабарлады қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті.Бұған дейін бұл бекетте 2022 жылдың 10 наурызынан бастап 31 желтоқсанына дейін "E-border.kz" платформасы базасында электронды кезекті енгізу жөніндегі пилоттық жоба жүзеге асырылды.Бүгінде "Нұр Жолы" өткізу бекетінде Qoldau.kz ("CarGoRuqsat" мобильді қосымшасы) сайтындағы қаржы министрлігінің "Ақпараттық-есептеу орталығы" АҚ платформасында электронды кезек жүйесі іске қосылған. Бұл жүйе өзге мемлекеттік органдардың 15 ақпараттық жүйесімен интеграцияланған, бұл кезек алу кезінде болуы мүмкін түрлі айла-шарғылардын жолын кесуге мүмкіндік береді.Қазіргі таңда "E-border.kz" арқылы бұған дейін алынған шамамен 19 803 көлік кезегі "Qoldau.kz" жүйесіне көшірілді."E-border.kz" сервисіндегі броньдалған кезектер санының айтарлықтай көптігіне байланысты, сонымен бірге бекеттегі өткізу мүмкіндігін ескере отырып, мемлекеттік органдар бұған дейін берілген кезектердің жарамдылық мерзімін арттырып, есесіне келесідей үлестіру механизмін енгізу туралы шешім шығарды.2023 жылдың 31 қаңтары мен 1 наурызы аралығында – "Qoldau.kz" платформасында 70 көлік "E-Border.kz" арқылы алынған ескі кезекпен өтеді, тез бұзылатын тауарлар тиелген, экспорттық немесе габаритті жүктер және электронды кезектің Уақытша өткізу сызбасына сай келетін өзге де категорияға жататын 30 көлік өткізілмек.2023 жылдың 1 наурызынан кейін бұл арақатынас өзгертіліп, бекеттің өткізу мүмкіндігі арта түседі. Бұл ескі кезектегі 70 және одан да көп автокөлік ("E-Border.kz"), 30 автокөлік – кезектен тыс тәртіп бойынша өтеді, тағы 30 және одан да көп көлік жаңа "CarGoRuqsat" кезек алған көліктер. Бұндай арақатынасты жүйе ҚХР мен ҚР өткізу бекеттерінің өткізу мүмкіндігіне сай "E-Border.kz" сервисіндегі барлық кезек аяқталғанша түзетіп отырады (аталған өткелдегі жобалық қуаттылық тәулігіне 1100 АТС құрайды).Ұсынылып отырған сызба барлық тараптың, яғни кезекті реттеудің тиімді құралдарын енгізу бойынша мемлекеттің де, сыртқы сауда қызметінің бұған дейін кезек алып қойғандар және енді кезек алуға ниеттеніп жүрген қатысушыларының да мүддесін көздейді.Ережелерге сай, жаңа "CarGoRuqsat" сервисінде көліктерді тіркеу аталған көлік құралы бойынша қолданыстағы бронь болмаған жағдайда, нақты айтқанда "E-border.kz" тізімінде болмаған жағдайда мүмкін болмақ.Жария тізілімде белгіленген күні көлік келмеген жағдайда кезектің күші жойылып, жүргізушілер броньдау процедурасын қайта жүзеге асыруға тиіс болады.Жаңа "CarGoRuqsat" сервисі тасымалдаушыларға өз сапарын жоспарлап, дұрыс бағыт жасап, көлік кезегі анағұрлым аз автомобиль өткізу бекеттерін таңдауға мүмкіндік береді.
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1416/23/14162319_174:0:2903:2047_1920x0_80_0_0_e7a3ef84503c22ab6820a4a00f8e0643.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қытай, шекара
АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Қытаймен шекарадағы "Нұр Жолы" өткізу бекетінде жүк көлік құралдарының өтуін ыңғайлы ету мақсатында электронды кезек енгізілді, деп хабарлады қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті.
Бұған дейін бұл бекетте 2022 жылдың 10 наурызынан бастап 31 желтоқсанына дейін "E-border.kz" платформасы базасында электронды кезекті енгізу жөніндегі пилоттық жоба жүзеге асырылды.
Бүгінде "Нұр Жолы" өткізу бекетінде Qoldau.kz ("CarGoRuqsat" мобильді қосымшасы) сайтындағы қаржы министрлігінің "Ақпараттық-есептеу орталығы" АҚ платформасында электронды кезек жүйесі іске қосылған. Бұл жүйе өзге мемлекеттік органдардың 15 ақпараттық жүйесімен интеграцияланған, бұл кезек алу кезінде болуы мүмкін түрлі айла-шарғылардын жолын кесуге мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда "E-border.kz" арқылы бұған дейін алынған шамамен 19 803 көлік кезегі "Qoldau.kz" жүйесіне көшірілді.
"E-border.kz" сервисіндегі броньдалған кезектер санының айтарлықтай көптігіне байланысты, сонымен бірге бекеттегі өткізу мүмкіндігін ескере отырып, мемлекеттік органдар бұған дейін берілген кезектердің жарамдылық мерзімін арттырып, есесіне келесідей үлестіру механизмін енгізу туралы шешім шығарды.
2023 жылдың 31 қаңтары мен 1 наурызы аралығында – "Qoldau.kz" платформасында 70 көлік "E-Border.kz" арқылы алынған ескі кезекпен өтеді, тез бұзылатын тауарлар тиелген, экспорттық немесе габаритті жүктер және электронды кезектің Уақытша өткізу сызбасына сай келетін өзге де категорияға жататын 30 көлік өткізілмек.
2023 жылдың 1 наурызынан кейін бұл арақатынас өзгертіліп, бекеттің өткізу мүмкіндігі арта түседі. Бұл ескі кезектегі 70 және одан да көп автокөлік ("E-Border.kz"), 30 автокөлік – кезектен тыс тәртіп бойынша өтеді, тағы 30 және одан да көп көлік жаңа "CarGoRuqsat" кезек алған көліктер. Бұндай арақатынасты жүйе ҚХР мен ҚР өткізу бекеттерінің өткізу мүмкіндігіне сай "E-Border.kz" сервисіндегі барлық кезек аяқталғанша түзетіп отырады (аталған өткелдегі жобалық қуаттылық тәулігіне 1100 АТС құрайды).
Ұсынылып отырған сызба барлық тараптың, яғни кезекті реттеудің тиімді құралдарын енгізу бойынша мемлекеттің де, сыртқы сауда қызметінің бұған дейін кезек алып қойғандар және енді кезек алуға ниеттеніп жүрген қатысушыларының да мүддесін көздейді.
Ережелерге сай, жаңа "CarGoRuqsat" сервисінде көліктерді тіркеу аталған көлік құралы бойынша қолданыстағы бронь болмаған жағдайда, нақты айтқанда "E-border.kz" тізімінде болмаған жағдайда мүмкін болмақ.
"Тасымалдаушылар мен көлік құралдарының жүргізушілерін өз бағытын алдын ала жоспарлап, өткізу бекетіне белгіленген күні "CarGoRuqsat" қосымшасында жарияланатын тізілімдегі кезектің қозғалысын есепке ала отырып жоспарлауды сұраймыз", - деп жазылған мемлекеттік кірістеркомитетінің хабарламасында.
Жария тізілімде белгіленген күні көлік келмеген жағдайда кезектің күші жойылып, жүргізушілер броньдау процедурасын қайта жүзеге асыруға тиіс болады.
Жаңа "CarGoRuqsat" сервисі тасымалдаушыларға өз сапарын жоспарлап, дұрыс бағыт жасап, көлік кезегі анағұрлым аз автомобиль өткізу бекеттерін таңдауға мүмкіндік береді.