Әлем

Чанаккале жақта жер сілкінісі болуы ықтимал – түрік сейсмологы

© AP Photo / Emrah GurelЧанаккале, Түркия
Чанаккале, Түркия - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Келесі ауқымды жер сілкінісі Мәрмәр теңізіндегі Чанаккале порты аймағында болуы мүмкін, деді түрік сейсмологы, профессор Доган Перинчек. Бұл туралы РИА Новости порталы хабарлады.
Оның айтуынша, оңтүстік-шығыстағы жер сілкіністері өте үлкен аумақты – 470 шақырымды қамтыды, ал афтершоктар негізгі дүмпумен теңесіп, магнитудасы 6,6-ға жеткен.

"Бұл ауқымы жағынан Түркиядағы мұндай жойқын бірінші жер сілкінісі. Тектоникалық жарылыстар бойынша көптеген жер сілкінісін бастан өткердік. Мысалы, Эрзинджандағы жер сілкінісінің магнитудасы 7,9 балл болғанымен, қамту аймағы әлдеқайда аз болды", - деді ғалым.

Жер сілкінісі эпицентрі болған Өлі теңіз рифті мен Шығыс Анадолы жарығы бір нүктеде түйіскендіктен, осындай үлкен аумақты қамтыды.
"Соңғы 10 күнде Мәрмәр теңізінен Чанаккаледегі сейсмикалық белсенділіктің жоғарылауын тіркедім. 10 жылдан астам уақыт бойы арнайы карталар арқылы елдегі сейсмикалық белсенділікті күнделікті бақылау және талдаумен айналысып келемін. Үш жылдан бері Чанаккаледе жер сілкінісі болады деп болжап жүрмін", - деді ғалым.
Оның айтуынша, бұл аймақта шамамен 250 жылда бір рет өтетін жарылым магнитудасы 7 балл жер сілкінісіне себеп болады.
"Соңғы рет бұл ауданда жер сілкінісі 287 жыл бұрын болды. Уақыт келді, енді жерасты дүмпулері кез келген сәтте басталуы мүмкін. Менің Мәрмәр теңізінде жасаған бақылауларым бұл болжамды растайды", - деп айтты Перинчек.
Еске салсақ, дүйсенбі күні таңертең Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,7 болатын жойқын жер сілкінісі болды. Президент Тайып Эрдоғанның айтуынша, ол 1939 жылдан бергі ең күшті табиғи апат болды. Соңғы мәліметтер бойынша, Түркияда қаза тапқандар саны 13 мың адамға жақындады.
Бұл ретте бүгін Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 4,8 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы. 10 километр тереңдіктегі ошағы Түркиядағы жойқын жер сілкінісінің эпицентрінен 44 километр қашықтықта, Кахраманмараш қаласынан оңтүстік-батысқа қарай орналасқан.
Түркияның Кахраманмараш қаласындағы көрініс - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2023
Қазақстандық құтқарушылар құлаған үйдің астынан тағы үш адамды шығарды – видео
Жаңалықтар
0