https://sputnik.kz/20230209/qazaqstandyq-qutqarushylar-qulagan-uydin-astynan-tagy-ush-adamdy-shygardy--video-31930348.html
Қазақстандық құтқарушылар құлаған үйдің астынан тағы үш адамды шығарды – видео
Қазақстандық құтқарушылар құлаған үйдің астынан тағы үш адамды шығарды – видео
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Түркияның Газиантеп қаласында жер сілкінісі кезінде қираған үйдің астынан үш тірі адам табылды. Оларды қазақстандық құтқарушылар... 09.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-09T12:19+0600
2023-02-09T12:19+0600
2023-02-09T12:19+0600
түркия
құтқарушылар
жер сілкінісі
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/07e7/02/08/31877594_0:161:3071:1888_1920x0_80_0_0_8ccd219263e934e617935f40d194e708.jpg
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Түркияның Газиантеп қаласында жер сілкінісі кезінде қираған үйдің астынан үш тірі адам табылды. Оларды қазақстандық құтқарушылар шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Құтқарушылар құлаған тоғыз қабатты үйдің астынан қарт адам мен екі жас жігітті алып шықты. Зардап шеккендер бірден медицина мамандарына тапсырылды."Жұмыс конструкциялардың құлау қаупі төніп тұрғанына қарамастан үзіліссіз екі тәулік бойы жүргізілді. Адамдарды анықтау үшін кинологиялық есептоптар мен арнайы іздеу құралдары тартылды", - дейді мамандар.Айта кетері, Газиантеп қаласына қазақстандық құтқарушылардың екі тобы барды. Қазіргі кезде барлығы 121 маман Түркиядағы құтқару шараларына атсалысып жатыр.
түркия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/08/31877594_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_9c4784151eb3fb06a92afefa23ab4cb7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
түркия, құтқарушылар, жер сілкінісі
түркия, құтқарушылар, жер сілкінісі
Қазақстандық құтқарушылар құлаған үйдің астынан тағы үш адамды шығарды – видео
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Түркияның Газиантеп қаласында жер сілкінісі кезінде қираған үйдің астынан үш тірі адам табылды. Оларды қазақстандық құтқарушылар шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Құтқарушылар құлаған тоғыз қабатты үйдің астынан қарт адам мен екі жас жігітті алып шықты. Зардап шеккендер бірден медицина мамандарына тапсырылды.
"Жұмыс конструкциялардың құлау қаупі төніп тұрғанына қарамастан үзіліссіз екі тәулік бойы жүргізілді. Адамдарды анықтау үшін кинологиялық есептоптар мен арнайы іздеу құралдары тартылды", - дейді мамандар.
Айта кетері, Газиантеп қаласына қазақстандық құтқарушылардың екі тобы барды. Қазіргі кезде барлығы 121 маман Түркиядағы құтқару шараларына атсалысып жатыр.