Түркиядан арнайы бортпен 16 қазақстандық елге жеткізіледі

© Sputnik / Владислав ВодневСамолет в небе
Самолет в небе - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 7 ақпан — Sputnik. Түркияның Газиантеп қаласынан 16 Қазақстан азаматы арнайы бортпен Астанаға ұшып келеді. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер арнайы бортпен Газиантеп қаласына барды.
"Осы бортпен елге қайтуға ниет білдірген кейбір азаматтарымызды әкелу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, 15:00-дегі жағдай бойынша 18 адам елге қайтуға ниет білдірді. Қазақстанның 16 азаматы және Қырғызстанның 2 азаматы. Аталған борт Астанаға ұшып келеді ", - деді Смадияров.
Оның айтуынша, бұл эвакуация емес. Күнделікті рейстер ұшып жатыр. Мәселен, бір топ студент Анкарадан ұшып келеді.
"Мерсин қаласындағы құрметті консулымыз Ахмет Бұдан Қазақстанның 25 азаматын, оның ішінде 19 студентті қонақ үйге орналастырды. Бүгін осы 19 қазақстандық студент құрметті консулдың ұйымдастыруымен Анкараға жеткізілді. Олар бүгін кешке Анкара-Астана рейсімен Қазақстанға қайтады", - деп атап өтті Смадияров.
Еске сала кетейік, дүйсенбі күні Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,7 балға жеткен жер сілкінісі болды. Біраз уақыттан кейін жер дүмпуі қайталанды. Соңғы мәліметтер бойынша, Түркияда 3,3 мыңнан астам адам қаза тауып, 20 мыңнан астамы жараланған.
Землетрясение в Сирии - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2023
Әлем
Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3 381 адамға жетті
Жаңалықтар
0