Әлем

Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3 381 адамға жетті

© AP Photo Землетрясение в Сирии
Землетрясение в Сирии - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 7 ақпан - Sputnik. Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3 381 адамға жетті. Жараланғандар жиырма мыңнан асады, 5575 ғимарат қирады, деп хабарлады төтенше жағдайларды басқару департаментінің (AFAD) жер сілкінісі және қауіп-қатерді азайту департаментінің бас директоры Орхан Татар.
"Қазір бізде 3 381 адам құрбан болды, 20 436 тұрғын жараланды", - деді ол журналистерге.
Айтуынша, жер сілкінісі салдарынан 5 575 ғимарат қираған.
6 ақпан таңертең Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,7 балдық жер сілкінісі болды. Бұл 1939 жылдан бергі ең жойқын жер сілкінісі болды, деді президент Режеп Тайып Ердоған.
Сондай-ақ Сирияның бірнеше өңірінде, Ливан астанасы Бейрутта да жер сілкінісі сезілді. Сирияда қазіргі уақытта құрбандар саны 769 адам, 1,5 мыңға жуық адам жараланған.
Түркиядағы Қазақстан елшілігі қолғабыс қажет болған жағдайда қазақстандықтарға мына телефондар арқылы хабарласуға болатынын айтты.
1.
+90 538 880 70 41 - Темірлан Сайлауұлы (консул)
2.
+90 312 491 91 00 - кезекші комендант.
Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Түркияға аттанды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2023
Қоғам
Қазақстандық құтқарушылар Түркияға аттанды
Жаңалықтар
0